Жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық денсаулық сақтау: медицина ғылымы мен практикасының жаңа белестері
Жасанды интеллект және цифрлық денсаулық сақтау: медицина ғылымы мен практикасының жаңа белестері
9 November 2026

Петр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университетінің 8D10010 «Медицина» білім беру бағдарламасының екінші курс докторанттары Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласында Әбуәли ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің базасында өткен «Жасанды интеллект және цифрлық денсаулық сақтау: медицина ғылымы мен практикасының жаңа белестері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Конференция аясында докторанттар өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін бейіндік секцияларда таныстырды.

Отбасылық медицина кафедрасының докторанты Серикова М.С. отбасылық медицина секциясында «Амбулаториялық жағдайда 2-типті қант диабетімен ауыратын пациенттердің функционалдық жағдайын бағалау құралы ретінде, Функционалдық жағдайдың халықаралық жіктемесіне негізделген сараптамалық-оңалту профилін әзірлеу» тақырыбында ғылыми баяндама жасады. Ғылыми кеңесшісі — медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Омаркулов Бауыржан Каденович.

Онкология және сәулелік диагностика кафедрасының докторанты Серикбай Н.А. акушерлік және гинекология секциясында «Адам папилломавирусын жұқтырған әйелдердегі төмен дәрежелі жалпақ жасушалы интраэпителиалдық зақымданулардың үдеу предикторлары» тақырыбында ғылыми баяндама ұсынды. Ғылыми кеңесшісі — медицина ғылымдарының докторы, профессор Тайжанова Дана Жумагалиевна.

Конференцияға қатысу ғылыми зерттеулердің нәтижелерін халықаралық кәсіби қауымдастыққа таныстыруға, шетелдік әріптестермен ғылыми және практикалық тәжірибе алмасуға, сондай-ақ қазіргі медицинаның өзекті даму бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.

Екінші курс докторанты М. С. Серікованың Авиценна атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің Отбасылық медицина кафедрасы өкілдерімен кездесуі ерекше маңызға ие болды; кездесу барысында кәсіби сұхбат өрбіп, болашақтағы ғылыми ынтымақтастық перспективалары талқыланды..

Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Докторанттардың халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысуы олардың зерттеушілік құзыреттерін дамытуға, академиялық байланыстарын кеңейтуге және Петр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университетінің халықаралық ғылыми ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді.

140

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.11.2026