Жаңалықтар
11 қарашада П.М. Поспелов атындағы Қарағанды медицина университетінің Педиатрия және неонатология кафедрасында «Педиатрия» білім беру бағдарламасының 4-012 тобы студенттерінің қатысуымен «Қант диабеті» тақырыбында танымдық әрі мазмұнды іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер аталған аурудың этиологиясы, патогенезі, жіктелуі, клиникалық көріністері, диагностикасы, асқынулары және емдеу қағидаттары туралы өз білімдерімен бөлісті.

Іс-шара аясында қант диабетінің бала ағзасына әсері, аурудың алдын алу әдістері, инсулин терапиясының маңыздылығы және науқастарды бақылау ерекшеліктері талқыланды.
Сонымен қатар студенттер тақырып бойынша білімдерін көрсетіп, түрлі тапсырмалар мен интерактивті сабақтарға белсенді қатысты. Теориялық білім практикалық тәжірибемен ұштастырылып, өзара пікір алмасу жүргізілді.


Іс-шараға кафедра оқытушылары Алимшаихина Құлжазира Жеңісқызы мен Серикова Гүлмира Бергентаевна жетекшілік етті.