Жаңалықтар

Вирусты инфекцияның алдын алу. Унивеситет аралық «Журналды клуб» отырысы болды
Вирусты инфекцияның алдын алу. Унивеситет аралық «Журналды клуб» отырысы болды
10 November 2026
«Петр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университеті» мен «Төрегелді Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті» кафедралары интерндері арасында Халықаралық ғылыми студенттік «Журналды клуб» отырысы өтті. Отырыс онлайн форматта, ағылшын тілінде талқыланды. Онда  «Отбасылық медицина» кафедрасының оқытушылары мен 6 курс интерндері қатысты. «Журналды клуб» отырысына Q1 деңгейдегі ғылыми мақалалар алынды: 
1. Efficacy and safety outcomes from the MATTISSE phase 3 trial of maternal bivalent RSVpreF vaccination among pregnant women vaccinated at 32 to 36 wekens of gestation.
2. Measles, mumps, rubella vaccination and autism 
3. Acute Respiratory Viral infections. Strategies, Economics, and Systemic Barriers to Mass Vaccination Against Respiratory infections
4. RSV Vaccine Effectiveness.  
6019 топ интердері Базарбаева Улдана Мухаммедкызы мен Слам Мадина және 6020 топтан Сатжан Дәулеткерей Бекарысұлы баяндамамен сөз сөйледі. Ғылыми жетекшісі – отбасылық медицина кафедрасының ассистент –профессоры  Батырбекова Лазат Сарсенбаевна. 
Баяндама барысында қазіргі таңда өзекті ЖРВИ,қызылша, оның түрлері, алдын алу жолдары мен вакцинация, вакцинация түрлері, вакцинацияға тұрғындар арасында осал топтарды толық қамту сөз болды.  Сондай ақ- қызылша? Қызымық және паротитке қарсы вакциялар мен аутизм арасында байланыстың болмауы туралы когорттық зерттеу талданды. Жүктілерді 32-36 аптасында вакцинациялау қорытындысы да айтылды. Отырыс барысында интерндерге сұрақтар қойылып, олардың клиникалық ойлауы шыңдалды.

136

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.11.2026