Жаңалықтар

СБТО-дағы «Жаңа туған нәрестеге базалық реанимациялық көмек» тренингі
СБТО-дағы «Жаңа туған нәрестеге базалық реанимациялық көмек» тренингі
26 May 2026

2026 жылдың 22 мамырында ҚМУ КеАҚ СБТО базасында Педиатрия және неонатология кафедрасы 7R01114 «Неонатология» мамандығы бойынша 1,2 жыл оқыған неонатолог резиденттері мен жоғары реалистік неонаталдық Луна тренажерін пайдалана отырып, біліктілігін арттырудан өтіп жатқан неонатолог дәрігерлерге арналған «Симуляциялық оқытуды қолдана отырып, жаңа туған нәрестеге базалық реанимациялық көмек» атты кезекті тренинг өткізілді. Оқытудың мақсаты американдық педиатрия академиясының (AAP) және Американдық жүрек қауымдастығының (AHA) жаңа туған нәрестелерді Реанимациялау бағдарламасы (NRP) бойынша 2025 жылғы жаңартылған ұсыныстарына байланысты жаңа туған нәрестенің босану бөлмесіндегі жаңа білімдерін, практикалық дағдыларын игеру және жаңа туған нәрестені тұрақтандыру болды. Келесі шұғыл жағдайлар бойынша клиникалық сценарийлер әзірленді және сәтті пысықталды: «Жаңа туған нәрестенің асфиксиясы кезіндегі жүрек-өкпе реанимациясы», «Мекониалдық аспирация кезінде шұғыл көмек көрсету», «Жаңа туған нәрестелердің гемолитикалық ауруы кезіндегі емдеу-диагностикалық іс-шаралар». Дағдыларды орындаудың өзін-өзі бағалауына жүргізілген талдау «Неонатология» резидентурасының білім беру бағдарламасы және неонатолог дәрігерлердің біліктілігін арттыру шеңберінде іске асырылатын симуляциялық оқыту әдістерінің жоғары тиімділігін көрсетті.




25

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.05.2026
Жарияланды: 13.05.2026
Жарияланды: 12.05.2026
Жарияланды: 09.05.2026
.
Жарияланды: 07.05.2026
.
Жарияланды: 06.05.2026