Жаңалықтар

Репродуктивтік денсаулыққа қамқорлық мәдениетін ілгерілету және гинекологиялық аурулардың алдын алу туралы Бірінші зайырлы әңгіме
Репродуктивтік денсаулыққа қамқорлық мәдениетін ілгерілету және гинекологиялық аурулардың алдын алу туралы Бірінші зайырлы әңгіме
29 May 2026
2026 жылдың 16-мамырында Қарағанды медицина университетінде Менструалдық гигиена күніне арналған репродуктивтік денсаулыққа қамқорлық мәдениетін ілгерілету және гинекологиялық аурулардың алдын алу туралы Қарағанды қаласындағы Бірінші зайырлы әңгіме (Social Talks) өтті. Бұл іс-шара Қоғамдық денсаулық сақтау мектептері мен бағдарламалары қауымдастығы (Вашингтон, АҚШ) «Бұл Қоғам Денсаулығы» жаһандық гранттық бағдарламасы аясында қаржыландыратын «Жасөспірім қыздардың репродуктивті денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған гигиеналық дағдыларын қалыптастыру (Formation of hygiene skills to maintain and strengthen reproductive health in teenage girls)» жобасын іске асыру шеңберінде өткізілді.



Бірінші зайырлы әңгіме (Social Talks) жасөспірім қыздардың қоғамдық денсаулық және гинекология саласындағы мамандармен ашық бейресми диалогы, тәжірибе алмасу және болашақ ұрпақтың репродуктивті денсаулығын сақтау мен нығайтудың гигиеналық дағдыларын дамыту үшін негізгі алаңға айналды. Қатысушылар жасына және қарастырылатын тақырыптарға байланысты 2 ағынға бөлінді: 5-8 сыныптардағы қыздарға арналған кіші топ және 9-11 сыныптардағы қыздарға арналған үлкен топ. Іс-шараға барлығы 140 жасөспірім қыз қатысты. Бағдарламаға белсенді ойындар, өмірлік жағдайларды модельдеу, эстафеталар мен практикалық тапсырмалар кірді.



Қыздармен қолды гигиеналық өңдеу дағдылары, төсемелерді таңдағанда не нәрсеге назар аудару керек екендігі, гигиеналық құралдарды пайдалану және кәдеге жарату ережелері, ұйқы мен ояту режимін сақтау – «неге бұл маңызды?» екендігі пысықталды. Үлкен топта осы мәселелерге қосымша ерте жастағы жүктілік пен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу мәселелері қаралды. Іс-шара соңында қатысушылар Жыныстық және репродуктивтік денсаулық жәніндегі Қазақстан қауымдастығының логотипі бар кәдесыйлар, сондай-ақ Қоғамдық денсаулық сақтау мектептері мен бағдарламалары қауымдастығының жаһандық гранттық бағдарламасының «Бұл Қоғам Денсаулығы» логотипімен брендтелген сертификаттар алды. Сонымен қатар, мұғалімдер мен мектеп әкімшіліктері «Бұл Қоғам Денсаулығы» логотипі бар алғыс хаттармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға, мұғалімдерге және мектеп әкімшіліктеріне, сондай-ақ Қарағанды қаласы мен Абай ауданының Білім бөлімдеріне қызығушылық танытқандары, белсенді қатысқандары және жемісті ынтымақтастығымыз үшін алғыс білдіреміз.
Барлық жасөспірім қыздарды 2027 жылдың мамыр айында өтетін Менструалдық гигиена күніне арналған Екінші зайырлы әңгімеге (Social Talks) шақыруды асыға күтеміз.



Құрметпен, “This is Public Health” қазақстандық жобасының командасы: А.О. Омарова, Я.Г. Турдыбекова, Ұ.Е. Қуандық, А.Ж. Болатбек, Г.М. Жылқайдар.



6

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.05.2026
Жарияланды: 13.05.2026
Жарияланды: 12.05.2026
Жарияланды: 09.05.2026
.
Жарияланды: 07.05.2026
.
Жарияланды: 06.05.2026