Жаңалықтар
Профессор Е. Н. Срабаевты еске алу
4 June 2026
2026 жылы 4 маусымда 77 жасқа қараған шағында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қарағанды медицина университетінің «Еңбек гигиенасы» кафедрасының профессоры, Рессей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, Сраубаев Ермек Нығметұлы дүниеден өтті.Ол өзінің ғылыми жұмыс барысында Отандық денсаулық сақтау және медицина ғылымының дамуына зор үлес қосты. Оның басшылығымен және оның тікелей қатысуымен денсаулық сақтау жүйесі үшін практикалық маңызы бар санитарлық нормалар мен ережелер әзірленді. Оның ғылыми мұрасы 500-ден астам еңбектерді қамтиды. Оның жоғарғы кәсібилігі, өз ісіне деген адалдылығы, көрнекті ғылыми жетістіктері көптеген мемлекеттік, ведостволық және халықаралық наградалармен марапатталған. Ол «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері, мемлекет тарапынан құрмет грамоталарымен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Денсаулық сақтау үздігі» төс белгілерімен, сондай-ақ халықаралық наградалармен және құрметті атақтарымен марапатталған. Ғылымды дамытуға, қоршаған ортаны қорғауға, халықтың денсаулығын сақтауға қосқан зор үлесі үшін «Құрмет» орденімен, Лейбниц медалімен, «Labore et Scientia - Еңбек және ғылым» ордендерімен марапатталып, «Ғылыми метептің негізін салушы» атағы берілді.
Қарағанды медицина университетінің Төрағасы-Ректор, профессорлық-оқытушылар құрамы, қызметкерлері және студенттері Ермек Нығметұлы Сраубаевтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.
Жаңалықтар лентасы
Жарияланды:
04.06.2026
Жарияланды:
03.06.2026
Жарияланды:
02.06.2026
Жарияланды:
01.06.2026
Жарияланды:
01.06.2026
Жарияланды:
29.05.2026
Жарияланды:
26.05.2026
Жарияланды:
26.05.2026
Жарияланды:
26.05.2026
Жарияланды:
25.05.2026
Жарияланды:
21.05.2026
Жарияланды:
20.05.2026
Жарияланды:
20.05.2026
Жарияланды:
20.05.2026
Жарияланды:
19.05.2026
Жарияланды:
18.05.2026
Жарияланды:
14.05.2026
Жарияланды:
13.05.2026
Жарияланды:
13.05.2026
Жарияланды:
12.05.2026