Жаңалықтар
ҚМУ қабырғасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің «Нашақорлық-тұрақтылыққа төнген қатер» атты семинары өтті.
22 September 2025
ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі-ҚХА республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызы Шанай, сондай-ақ Қазақстан облыстарының Аналар кеңесінің басшылары Қарағанды медицина университетінде болып, «Нашақорлық – тұрақтылыққа төнген қатер» семинарына қатысқан болатын. .png)
Сапар барысында делегаттар ҚМУ ұжымдық пайдалану зертханасының қан құрамындағы есірткі заттарын талдау мен анықтаудың заманауи технологияларын қолданатын жұмысымен танысты.
Сондай-ақ, қонақтарға заманауи жоғары технологиялық Робот-симуляторлардың көмегімен жүкті әйелге, жаңа туған нәрестеге және жасөспірімге есірткіден улану жағдайында шұғыл көмек көрсету әдістері көрсетілді.
.png)
- Біздің университет болашақ дәрігерлерді дайындап қана қоймайды, сонымен қатар студенттердің салауатты өмір салтын ұстанатын, қоғамның әлеуметтік кемшіліктерге қарсы иммунитетін нығайтатын азаматтық миссиясы туралы хабардарлығын қалыптастырады,-деп атап өтті Басқарма Төрағасы-Ректор Бақыт Нұрғалиқызы Көшерова.
.png)
Қарағанды медицина университеті бүгінде нашақорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ауқымды ғылыми және білім беру бағдарламасын іске асыруда. ҚМУ-да зертханалық зерттеулер дамуда, диагностика мен профилактиканың инновациялық әдістері енгізілуде, жаңа буын мамандары — дәрігерлер, психологтар, аддиктологтар заманауи уақыт талаптарын ескере отырып даярланады.
Жаңалықтар лентасы
Жарияланды:
05.10.2026
Жарияланды:
01.10.2026
Жарияланды:
01.10.2026
Жарияланды:
25.09.2026
Жарияланды:
21.09.2026
Жарияланды:
16.09.2026
Жарияланды:
14.09.2026
Жарияланды:
02.09.2026
Жарияланды:
01.09.2026
Жарияланды:
01.09.2026
Жарияланды:
01.09.2026
Жарияланды:
01.09.2026
Жарияланды:
31.08.2026
Жарияланды:
31.08.2026
Жарияланды:
31.08.2026
Жарияланды:
17.07.2026
Жарияланды:
10.07.2026
Жарияланды:
10.07.2026
Жарияланды:
07.07.2026
Жарияланды:
07.07.2026