Жаңалықтар

Халықаралық байқаулардың жеңімпаздары
Халықаралық байқаулардың жеңімпаздары
26 May 2026
«6В10117-Медицина» бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері, ҚМУ КЕАҚ Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының ассистент-профессоры А.И. Оңғарбаеваның жетекшілігімен Қазан мемлекеттік медицина университеті 2026 жылғы сәуірде ұйымдастырған «Ғарыш дәуірі: фактілер мен ашылуларға 65 жыл» атты халықаралық инфографикалар және ақпараттық плакаттар конкурсына қатысып, постерлер ұсынды.
Байқаудың мақсаты - студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту және халықаралық ғылыми-зерттеу және инновациялық практикалық қызметке дайындалу үшін дарынды студенттерді анықтау.
Ұйымдастыру комитетінің қорытындысы бойынша «Ертеңгі ғарыш» номинациясы бойынша «6В10117-Медицина» бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Петмат Хаважқызы Автаева, Әуезхан Қайратұлы Әбдікәрімов, Айша Арманқызы Гизатова, Мәдина Ерғалиқызы Есен халықаралық байқаудың жүлдегерлері атанып, II дәрежелі дипломдармен марапатталды.
«Ғарыш дәуірі: фактілер мен ашылуларға 65 жыл» атты халықаралық инфографикалар және ақпараттық плакаттар конкурсының ұйымдастыру комитеті Қарағанды медициналық университеті КЕАҚ Басқарма Төрағасы - ректоры Бақыт Нұрғалиқызы Көшерованың атына хат жолдап, онда «Халықаралық байқау жүлдегерлерінің студенттерін дайындағаны үшін ҚМУ КЕАҚ Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының ассистент-профессоры Айман Игілікқызы Оңғарбаеваға алғысын білдіреді.
34

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 20.05.2026
Жарияланды: 13.05.2026
Жарияланды: 12.05.2026
Жарияланды: 09.05.2026
.
Жарияланды: 07.05.2026
.
Жарияланды: 06.05.2026