Жаңалықтар
Қадірлі әріптестер!
Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Педагогика - ең маңызды және игі мамандықтардың бірі. Сіздер, қымбатты оқытушылар, тәлімгерлер, ұстаздар, білімдеріңізді жеткізіп, кәсіби құндылықтарды қалыптастырып, жас ұрпаққа өз жолын табуға көмектесіп келесіздер. Медицина университетінде сіздердің еңбектеріңіз ерекше маңызға ие - сіздер болашақ дәрігерлерді оқытып қана қоймай, оларды жауапкершілікке, мейірімділікке және өз ісіне адалдыққа тәрбиелеп жүрсіздер.
Сіздердің әрқайсыңызға кәсіби шеберлігіңіз, шыдамдылығыңыз, күнделікті еңбегіңіз және білім алушыларымызға шынайы қамқорлығыңыз үшін алғыс айтамын. Сіздердің білімдеріңіз, мол тәжірибе мен даналықтарыңыз - біздің университеттің дамуы мен отандық медицинаның болашағының маңызды негізі.
Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке, дарынды шәкірттер мен жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін! Күн сайын сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі бвршамызға қуаныш пен шаттық сыйласын!