Жаңалықтар
Бірінші курс резиденттерімен алғашқы таныстыру кездесуі өтті!
2 September 2026
Кездесуге «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор Көшерова Бақыт Нұрғалиқызы, академиялық және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Дәулетқалиева Жания Абайқызы, білім беру бағдарламаларының жетекшілері, сондай-ақ Резидентура және кәсіби даму мектебінің деканы қатысты.Кездесу барысында резиденттер білім беру үдерісінің ұйымдастырылуымен, оқу ерекшеліктерімен және алдағы даярлықтың негізгі бағыттарымен танысты. Сонымен қатар бірінші курс резиденттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, университет басшылығымен танысуға мүмкіндік алды.
Биыл Резидентураның цифрлық платформасы арқылы 2 073 өтінім қабылданды. Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша 497 резидент оқуға қабылданды, бұл жалпы өтінім санының шамамен 24%-ын құрайды.
Оқуға қабылданғандардың ішінде Қарағанды медицина университетінің түлектері 60,9%, Астана медицина университетінің түлектері 17,1%, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлектері 4,8%, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің түлектері 3,8%, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің түлектері 3,6%, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлектері 3,4%, Қазақстан-Ресей медицина университетінің түлектері 2,6% құрайды.
Сондай-ақ бірінші курс резиденттері қатарында Семей медицина университетінің, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің және еліміздің басқа да жоғары оқу орындарының түлектері бар.
Бірінші курс резиденттері үшін кәсіби жолдың жаңа кезеңі басталды. Оларға сәтті бастама, нәтижелі оқу және кәсіби өсу тілейміз!
Жаңалықтар лентасы
Жарияланды:
05.10.2026
Жарияланды:
01.10.2026
Жарияланды:
01.10.2026
Жарияланды:
25.09.2026
Жарияланды:
21.09.2026
Жарияланды:
16.09.2026
Жарияланды:
14.09.2026
Жарияланды:
02.09.2026
Жарияланды:
01.09.2026
Жарияланды:
01.09.2026
Жарияланды:
01.09.2026
Жарияланды:
01.09.2026
Жарияланды:
31.08.2026
Жарияланды:
31.08.2026
Жарияланды:
31.08.2026
Жарияланды:
17.07.2026
Жарияланды:
10.07.2026
Жарияланды:
10.07.2026
Жарияланды:
07.07.2026
Жарияланды:
07.07.2026