Жаңалықтар

1 қыркүйек Білім күні
1 қыркүйек Білім күні
1 September 2026
Қадірлі әріптестер! Құрметті студенттер!
Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
2026 жыл Қарағанды медицина университеті үшін ерекше жыл болды. Біздің жоғары оқу орнына оның негізін қалаушы және бірінші ректоры Петр Моисеевич Поспеловтың есімі берілді. Бұл тарихи бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жеке қолдауына ие болды, бұл университеттің отандық медицина мен ғылымға қосқан орасан үлесінің мойындалуы деуге болады.
Біз жаңа оқу жылын ауқымды жетістіктермен және үлкен жоспарлармен қарсы аламыз:
- 2026-2027 оқу жылында Xidian University (Қытай) бірлесе отырып, медицина мен жоғары технологиялардың торабында жаңа көкжиектерді ашатын бірегей екі дипломдық «Биоинженерия» бағдарламасы іске қосылды.
- Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру аясында студенттер мен оқытушылардың тағылымдамадан өтуі мен тәжірибе алмасуы үшін әріптес елдердің географиясы едәуір кеңейтілді.
- Материалдық-техникалық базаны кешенді жаңарту, жоғары технологиялық жабдықтар сатып алу және жалпы инфрақұрылымды жаңғырту жалғасуда.
Қарағанды медицина университеті - бұл әлем мойындаған сапа белгісі, мықты ғылыми мектеп және сапалы дипломдар.
Біз Қарағанды медицина университетін таңдағандардың барлығын қуана қарсы аламыз! Сіздердің әрқайсыларыңыз елеулі байқаулардан өтіп, Қазақстанның үздік медициналық ЖОО-ның студенті болдыңыздар.
Бірінші курс студенттеріне ізгі жолдың басында батылдық пен шабыт, ал оқытушылар мен студенттерге, интерндерге, магистранттарға, резиденттерге, докторанттарға жаңа кәсіби және ғылыми биіктер тілеймін!
Бізді жаңа оқу жылы күтіп тұр. Өз күшіңізге сеніңіз, табысқа ұмтылыңыз және біз бәріне қол жеткіземіз!
«ҚМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы - Ректор, профессор
Бақыт Нұрғалиқызы Көшерова
105

Жаңалықтар лентасы

Жарияланды: 05.10.2026
.
Жарияланды: 01.10.2026
.
Жарияланды: 01.09.2026