Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Журнал
Медицина және Экология
Басты бет
Жаңалықтар
Евразиялық интеграция

Евразиялық интеграция

26 Наурыз 2014

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылды


ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ – ӘЛІМДІК ДАҒДАРЫСҚА ЖАУАП РЕТІНДЕ

29 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) құру туралы Шартқа қол қойылды. Осы күні ҚММУ ғылыми кеңесінің отырысында «Еуразиялық Экономикалық Одақ біріктіруге әкелетін жол ретінде» тақырыбындағы баянадамасымен Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі Құдайберген Абайұлы Темірғалиев шықты.

  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті Владимир Путин және Беларусия Президенті Александр Лукашенко ЕАЭО туралы шартқа қол қойды, ол өз күшіне 2015 жылдың 1 қаңтарында енеді. ЕАЭО 170 млн.адам жалпы саны бар үш елдің ортақ нарығын құруды қарастырады. Тауарларлың, қызмет көрсетулердің, капиталдар мен жұмыс күшінің еркін орын алмасуына жағдай жасалатын болады. Сонымен қатар, қатысушы елдер экономиканың маңызды салаларында келісілген саясатты жүзеге асыруға міндеттеледі. Университетте ЕАЭО құру туралы түсіндіру жұмысының жоспары дайындалды. Осы жоспардың аясында Ғылыми кеңес отырысында Құдайберген Абайұлы ЕАЭО біріктіруге әкелетін жол ретінде ЕАЭО таныстырды.

  Баяндаманың негізгі тарауы Қазақстан Президентінің Еуразиялық экономикалық одақты құрудағы рөлі, ЕАЭО құруға мүмкіндік беретін проблемалардың шешілуінде шартқа қол қоюдың тарихи маңыздылығы, ЕАЭО аясында елдердің бірігуі сияқты мәселелерге арналды. Сонымен қатар, одақ құру үш елдің халқының мүддесіне де жауап береді. Баяндамашы басты назарды жаңа саяси және экономикалық жағдайға аударды. Осы талаптармен ЕАЭО шартқа қол қойған елдер бүгінгі әлемдегі мәселелерді аса тиімді шешуіне мүмкіндік береді. Аргумент ретінде Құдайберген Абайұлы Мәжіліс төрағасы Қасымжомарт Тоқаевтың сөздерін келтірді: «Біз, парламенттің жоғарғы палата депутаттары жан жақты бірігуді заңды қамтамасыз ету үшін бар мүмкіндіктерді жасаймыз. 

Президентіміз атап өткендей, ЕАЭО  - бұл әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарысқа тура жауап». «Орталық Азия елдерінің арасында біріктіру мен жаңғыртудан басқа жолы жоқ. Біріктіру қалпына келтіру, толықтыру деген мағынаны береді, яғни қандай да бір бөлімдер мен бөлшектерді бір бүтінге жинастыру, ал нақты айтқсақ – бірыңғай шаруашылық кешенді қалыптастыруға алып келетін теңдік құру» - мәтініне Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі назар аудартты. Қорытындысында, баяндамашы ЕАЭО қалыптастыру экономикалық байланыстарды жақсартатыны, ғылым мен инновацияларда интеграцияны күшейтетіні туралы айтты. Айтылғандардың барлығы Қазақстанның шекарасын танымдық, тарихи және мәдени жағынан кеңейтеді. Осыдан келіп, Еуропалық экономикалық одақ – еуразиялық біріктіру жолындағы маңызды кезең. Және дәл осы жол ЕАЭО елдерінің жаңа жаһандық дағдарыстан өтуге және олардың одан әрі жан жақты дамуына мүмкіндік береді.


Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық идеясы

  28.05.2014 жылы ҚММУ 4-корпусының 250 аудиториясында «Жалпы медицина» мамандығының 1-курс студенттері үшін «Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық идеясы» тақырыбында дәріс сабағы өтті.

  Студенттерге таныстырылым ұсынылды. Слайдтарда Н.Ә.Назарбаевтың 1994 жылы ұсынған еуразиялық идеясына арналған қысқаша мәтін мен фото көрсетілді. Сонымен қатар Беларусия, Қазақстан және Ресейдің құрамында Еуразиялық одақты құру мәселелері айтылды. Диалог формасында студенттерге еуразиялық интеграция мақсаты түсіндірілді және аталған мемлекеттердің экономикасы үшін осындай құрылымдардан келетін экономикалық табыс көздері баса айтылды. Таныстырылым бейнематериал түрінде ұсынылды («Жеті күн» бағдарламасының фрагменті) және аудиторияның қызығушылығын оятты.

  А.Б.Долгополов  Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының аға оқытушысы   



Евразиялық интеграция

2014 жылғы 29 мамырда Астанада Евразиялықэкономикалық одақ құру туралы Шартқа қол қойылатын боладыЕАЭО туралы Шарт Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері арасында көлік,  энергетика, агропро өнеркәсіп кешені саласында экономиканы өзара тиімді тең дамытуға, сол сияқты ортақ нарықта адал бәсекелестікті дамытуға ықпал етуге жаңа серпін береді.

Бұл Шарт Қазақстан, Ресей және Беларусьарасындағы интеграцияны одан әрі тереңдетуге, тауарларды, қызмет көрсетуді, қаражат пен жұмыс күштерін еркін өткізуге, сол сияқты экономиканың жетекші салаларында үйлестірілген және келісілген біртұтас саясат жүргізуге бағытталған базалық құжат болып табылады.      

Шарт Кедендік Одақ пен Біртұтас экономикалық кеңістіктен кейін интеграцияның келесі сатысына өтуге жол ашады.      

ЕАЭО туралы Шартжобасы 15  мамырда Москва қаласында өткен Евразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында келісілді. Бұған қоса, Шарттың бұдан бұрын Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерініңПрезиденттері мақұлдаған бірқатар ережелерінің тұжырымдамалары нақтыланды.        

Шартқа Астана қаласында ағымдағы жылғы 29 мамырда кедендік одақ үштігінің саммитінде қол қою жоспарлануда. ЕАЭО туралы Шарт2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істейді деп күтілуде.

http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31548839

0
19817

пікірлер

пікір қалдыру үшін.
Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР электрондық үкіметі
ҚР денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ Стратегиялық жоспары
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Болашақ бағдарламасы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуро аймақтық бюро
Magna Charta Universitatum
International Research Journal for Medical students
Өз қаражатынды басқаруды үйрен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы
The cochrane library
Маманның білім деңгейін тексеру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен басым бағдарламалар
Болашақ
Евразиялық интеграция
Жастармен ұлтық онлайн-консультациялар
Қаржы орталығы
Springer
Ұлттық клиникалық хаттамалар
Малайзия Ұлттық Университеті
Конференция күнтізбесі
ҚММУ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН КҮЗЕТІ, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Образовательный кредит
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
ЕНПФ зейнетақы қоры
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Өтініштердің үлгілері