Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Журнал
Медицина және Экология
Басты бет
Білім беру
Талапкер
Пайдалы ақпарат

Пайдалы ақпарат

ҚММУ ЕМХАНАСЫНДА СТУДЕНТТЕРГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

ҚММУ-ға түсуші студенттердің кепілді көлемде тегін медициналық көмек шеңберінде ҚММУ емханасында білікті медициналық қызмет көрсетуді алуға мүмкіндігі бар. ҚР бірыңғай денсаулық сақтау жүйесіне сəйкес басқа қалалық студенттер жергілікті емханадан шығып, ҚММУ емханасына тіркеле алады. Бұл үшін қабылдау комиссиясына тіркеуге басқа құжаттармен бірге беру қажет:

- жеке бас куəліктің көшірмесі;

- 063/е үлгідегі медициналық картасының көшірмесі (екпелер картасы);

- бас дəрігердің атына өтініш (тіркеуге).

Назар аударыңыз! Емдік дəрі-дəрмектерді тегін алушы тұлғаларға (қант сусамыры, қантсыз сусамыр, жеңілдік рецептімен қамтамасыз етілген басқа аурулар) өз медициналық ұйымынан шығу қажет емес!!!

1 курс студенттері оқуға тіркелген соң ҚММУ емханасында медициналық тексеруден өтеді (кестеге сəйкес қыркүйекте). Ол үшін өзімен бірге:

- жеке бас куəлік (тұпнұсқа жəне 1 көшірме);

- 063/е үлгідегі екпелер картасы (тұпнұсқа жəне 1 көшірме) болуы қажет.

ҚММУ ЖАТАҚХАНАСЫНА ОРНАЛАСУ БОЙЫНША АҚПАРАТ

Басқа облыстардан және Қарағанды облысының ауылдық аймақтарынан келген 1 курс студенттеріне жатақханада тұру ұсынылады.

ҚММУ жатақханаларында тіркелу (тіркеуге тұру) үшін 18 жасқа толмаған талапкерлерге жеке куәлігі бар заңды өкілінің (ата-анасының) немесе асырап алушысының келуі қатаң түрде міндетті болып табылады.

Әкімшілік айыппұлдан сақтану үшін талапкерлер бұрынғы тұрғылықты жерінен тіркеуден (тіркелуден) шығуы міндетті емес.

Тууы туралы куәлігі бар талапкерлердің ЖСН болуы керек (ЖСН жоқ туу туралы куәлік қабылданбайды).

16 жасқа толған талапкерлерге туу туралы куәлігі бойынша қызмет көрсетілмейді (тек жеке куәлігі бойынша).

МЕКЕНЖАЙ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫСУ АҚПАРАТЫ:

Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Қарағанды қ., Гоголь көшесі, 40

Телефон: 8 (7212) 50-06-35, 50-39-30 (1340)

e-mail: talapker@kgmu.kz

Автобустар: № 7, 34, 49, 53, 65

Маршруттық такси: № 23, 29, 30

«Боулинг» немесе «Хлебозавод» аялдамасы


Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР электрондық үкіметі
ҚР денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ Стратегиялық жоспары
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Болашақ бағдарламасы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуро аймақтық бюро
Magna Charta Universitatum
International Research Journal for Medical students
Өз қаражатынды басқаруды үйрен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы
The cochrane library
Маманның білім деңгейін тексеру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен басым бағдарламалар
Болашақ
Евразиялық интеграция
Жастармен ұлтық онлайн-консультациялар
Қаржы орталығы
Springer
Ұлттық клиникалық хаттамалар
Малайзия Ұлттық Университеті
Конференция күнтізбесі
ҚММУ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН КҮЗЕТІ, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Образовательный кредит
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
ЕНПФ зейнетақы қоры
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Өтініштердің үлгілері