«Петр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті жанынан ғылым жөніндегі сарапшылық кеңестің құрылғаны туралы хабарлайды.
Сарапшылық кеңестің қызметі отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға және заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге бағытталған.
Сарапшылық кеңестің жұмысы аясында университеттің мүдделі ғалымдары мен мамандарына Комитеттің сарапшылық жұмысына қатысып, төмендегі мәселелер бойынша ұсыныстар жолдау ұсынылады:
· ғылыми зерттеулерді қаржыландыру;
· ғылыми конкурстар мен сараптаманы ұйымдастыру;
· ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту;
· ғылыми кадрларды даярлау және қолдау;
· зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру және өндіріске енгізу.
Ұсыныстарды дайындау кезінде нақты мәселені көрсету, оны негіздеу және заңнамаға қажетті өзгерістерді қоса алғанда, оны шешудің ықтимал жолдарын ұсыну қажет.
Ұсыныстар мен бастамаларды жолдау: Құрылтайдың ресми сайты → Қызмет → Сарапшылық кеңестер → Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті https://quryltai.kz/kk/activity/expert-councils/committee/8
«Петр Поспелов атындағы Қарағанды медицина университеті» КеАҚ-ның барлық мүдделі ғалымдары мен мамандарын Комитеттің сарапшылық жұмысына қатысуға шақырамыз.