ҚР ҒЖБМ 2026 жылғы ғылым саласындағы сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға арналған конкурс жариялады!
Конкурс аясында ғылым саласында 6 сыйлықақы қарастырылған:
- Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлықақы – жаратылыстану ғылымдары саласында;
- Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықақы – гуманитарлық ғылымдар саласында;
- Ы. Алтынсарин атындағы сыйлықақы – педагогика саласында;
- Күлтегін атындағы сыйлықақы – түркология саласында;
- Д.А. Қонаев атындағы сыйлықақы – жас ғалымдарға, жаратылыстану ғылымдары саласында;
- М.О. Әуезов атындағы сыйлықақы – жас ғалымдарға, гуманитарлық ғылымдар саласында.
Сонымен қатар 75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде 44 жасқа дейінгі талантты жас ғалымдарға 50 стипендия қарастырылған.
Өтінімдер «Ұлттық инновациялық жүйенің Бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта қабылданады:
- сыйлықақылар: https://astanahub.com/ru/l/awards
- стипендиялар: https://astanahub.com/ru/l/scholarships
Құжаттарды қабылдау мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн (ҚР ҒЖБМ хабарландыруды 21 қыркүйек жариялады).
Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ жүзеге асырады.
Байланыс телефондары:
+7 727 338 24 49; +7 700 048 37 36;
+7 705 731 29 99; +7 707 128 00 34.
«Astana Hub» техникалық қолдауы:
+7 777 522 02 47, 1818.
Талаптар мен қажетті құжаттар тізбесі туралы толық ақпарат ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми хабарландыруында ұсынылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/documents/details/1069913?lang=kk