Конкурс туралы хабарландыру

Құрметті студенттер!
Қарағанды медицина университеті Польшадағы Белосток медицина университетінде оқу үшін конкурс жариялайды.
 Орын саны: 2
• 1 орын — 3-курс студенттеріне 
• 1 орын — 4-курс студенттеріне 
Мамандығы: Жалпы медицина
Оқу мерзімі: 1 тамыз – 31 тамыз
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
• Ағылшын тілін меңгергенін растайтын сертификат (В2 деңгейінен төмен емес) – міндетті (IELTS / TOEFL / Duolingo / British Council); 
• Жоғары коммуникативтік дағдылар; 
• Тәртіптік жазалардың болмауы; 
• Ағылшын тіліндегі түйіндеме (CV) – міндетті; 
• GPA көрсеткіші 3.0-ден төмен болмауы тиіс. 
Қажетті құжаттар тізімі:
• Шетелге шығатын азаматтың сауалнамасы (нысан бойынша); 
• Өтініш (нысан бойынша); 
• Келісім (нысан бойынша); 
• Тіл білу деңгейін растайтын сертификат; 
• Ағылшын тіліндегі ұсыным хат; 
• Жеке оқу жоспарының көшірмесі; 
• Ағылшын тіліндегі транскрипт; 
• Паспорт көшірмесі; 
• 3×4 көлеміндегі фото (5 дана); 
• 072 нысанындағы медициналық анықтама. 
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
• Соңғы мерзім: 5 маусымға дейін 
• Қабылдау орны: 327-кабинет 
Толық ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыз:
international@qmu.kz