Халықаралық жазғы мектеп туралы хабарландыру

Қарағанды медицина университеті КЕАҚ Қытай Халық Республикасындағы China Medical University (CMU) және CMU4H халықаралық жазғы мектебіне қатысу үшін студенттерді іріктеу бойынша конкурс жариялайды.
Бағдарлама туралы:
China Medical University -Қытайдағы білім беру, ғылым және халықаралық ынтымақтастық деңгейі жоғары жетекші медициналық университеттердің бірі.
The Fourth Affiliated Hospital of CMU (CMU4H) -Қытайдағы жетекші көпсалалы клиникалық ауруханалардың бірі.
Нейрохирургия бөлімі Ляонин провинциясындағы негізгі клиникалық бағыттардың бірі болып табылады және елдегі миішілік қан құйылуын диагностикалау мен емдеудің алғашқы ұлттық орталығы болып саналады.
Қатысушылар санаты:
Бағдарламаға 3–4–5 курс студенттері және магистранттар қатыса алады.
Бағдарлама мерзімі: 28 маусым – 11 шілде 2026 жыл
Өтетін орны: Шэньян, Қытай
Ұзақтығы: 14 күн
Қатысу шарттары: оқу мен тұру - ТЕГІН (виза және жеке шығындар қатысушы есебінен)
Бағыттар:
• Нейрохирургия / нейроғылымдар
• Неврология
• Салалас медициналық және ғылыми бағыттар
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
• Бакалавриат/магистратура студенттері
• Жақсы оқу үлгерімі
• Ағылшын тілін білу (HSK 4 деңгейі және одан жоғары болғаны құпталады, бірақ міндетті емес)
• Оқу мен халықаралық алмасуға жоғары мотивация
Қажетті құжаттар:
• Өтінім (форма беріледі)
• Паспорт көшірмесі
• Оқу орнынан анықтама
• Академиялық транскрипт
• Ағылшын тілінде мотивациялық хат (300–500 сөз)
• Ұсыным хат
• Ағылшын тілі сертификаты (B2 деңгейінен төмен емес)
Өтінім тапсыру мерзімі: 28 мамыр 2026 жылға дейін
Орындар саны шектеулі
Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық ынтымақтастық бөліміне (327 кабинет) немесе international@qmu.kz электрондық поштасына хабарласуыңызды сұраймыз.