«International Biomedical Forum: Research and Innovation» II Халықаралық биомедициналық форумына шақырамыз

«International Biomedical Forum: Research and Innovation» II Халықаралық биомедициналық форумына шақырамыз

 

Құрметті әріптестер!

Қарағанды медицина университеті ғылыми қоғамдастық өкілдерін 2026 жылғы 22-23 қазанда Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласында өтетін «International Biomedical Forum: Research and Innovation» II Халықаралық биомедициналық форумына қатысуға шақырады

Форум 2025 жылғы сәуір айында табысты өткен бірінші Халықаралық биомедициналық форумның тақырыптық бағыттарын жалғастырып, одан әрі кеңейтеді. Іс-шара биомедицина, медициналық білім беру, трансляциялық зерттеулер, цифрлық денсаулық сақтау және медициналық технологиялар салаларындағы зерттеушілерді, оқытушыларды, клиницистерді, докторанттарды, жас ғалымдарды және сарапшыларды біріктіреді.

Форумның мақсаты – ғылыми зерттеулердің нәтижелерін таныстыруға, биомедицинаның заманауи бағыттарын талқылауға, пәнаралық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ іргелі ғылым, клиникалық тәжірибе, білім беру және инновациялар арасындағы байланысты нығайтуға арналған ашық халықаралық алаң қалыптастыру.

Форумның негізгі бағыттары

·       Жаңа дәрілік заттарды әзірлеу және енгізу: дәрілік молекулаларды синтездеу мен әзірлеудің жаңа әдістері, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер, трансляциялық медицина.

·       OMICs-технологиялары: геномика, протеомика, метаболомика және басқа да бағыттар, соның ішінде оларды аурулардың даму механизмдерін зерттеуде және дербестендірілген медицинаны дамытуда қолдану.

·       Биомедицинадағы биоинформатика, деректерді талдау және жасанды интеллект: үлкен деректер, машиналық оқыту, диагностикада, болжауда және ғылыми тәжірибеде қолданылатын цифрлық технологиялар.

·       Биоинженерия және медициналық техника: медициналық бұйымдар, микрофлюидтік жүйелер, сенсорлар, диагностикалық платформалар, регенеративті медицина, тіндік инженерия және MedTech шешімдерін денсаулық сақтау жүйесіне енгізу.

·       Жас зерттеушілерге, оның ішінде магистранттарға, докторанттарға және резиденттерге арналған постерлік секция (қатысуға жасы 40-тан аспаған жас ғалымдар шақырылады).

 

Қатысу түрі

Қатысуға ғалымдар, оқытушылар, ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері, медициналық ұйымдардың өкілдері, докторанттар, магистранттар, резиденттер және жас зерттеушілер шақырылады. Қатысудың түрлері:

·       пленарлық немесе секциялық отырыс бағдарламасы аясында ауызша баяндама жасайтын баяндамашы;

·       ғылыми бағдарманың қатсушысы/тыңдаушысы;

·       докторанттар мен жас зерттеушілер арналған постерлік секциясының қатысушысы;

·       шеберлік сыныптары мен тақырыптық ғылыми-тәжірибелік сессиялардың қатысушысы.

Форум бағдарламасы

Форум бағдарламасы бойынша пленарлық отырыстар, секциялық баяндамалар, шеберлік сабақтары, тақырыптық пікірталастар, сондай-ақ докторанттар мен жас ғалымдарға арналған арнайы алаң өткізу жоспарланған. Пәнаралық зерттеулерге, ғылыми нәтижелердің тәжірибелік маңыздылығына, халықаралық жарияланымдар жасау мүмкіндіктеріне және бірлескен ғылыми жобаларды дамытуға ерекше назар аударылады. Форум қорытындысы бойынша баяндамалар тезистерінің электрондық жинағы (Book of Abstracts) жарыққа шығады.

Форум аясында 20–21 қазанда биомедициналық зерттеулердің заманауи бағыттары мен оларды қолданудың практикалық аспектілеріне арналған шеберлік сыныптарын өткізу жоспарлануда. Цифрлық ПТР, биобанкинг, космецевтика және басқа да өзекті бағыттар бойынша шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Қатысушылар ең жаңа технологиялармен танысып, оларды ғылыми және практикалық қызметте қолдану перспективаларын талқылауға, сондай-ақ құнды практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алады.

Тіркелу

       Сілтеме 2026 жылдың 15 қыркүйегіне дейін жарамды: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfNRHBlzbnJBn77eji65ZFGVzCLFlRuwupLYhX8wVnaDvrZ4g/viewform?usp=publish-editor

Негізгі күндер

Іс-шара

Мерзімі

Тезистерді / баяндамаларды қабылдаудың соңғы мерзімі

2026 жылғы 15 қыркүйек

Баяндамалардың қабылданғаны туралы хабарлама

2026 жылғы 1 қазан

Тіркелудің аяқталуы

2026 жылғы 10 қазан

Шеберлік сыныптарды өткізу күндері

2026 жылғы 20-21 қазан

Форумды өткізу күндері

2026 жылғы 22-23 қазан


           Тезистер мен постерлік баяндамаларға қойылатын талаптар қосымша ұсынылатын болады.

Ұйымдастыру комитетімен байланыс

Қатысу, материалдарды ұсыну және тіркеу мәселелері бойынша форумның Ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз:

1. Клюев Дмитрий Анатольевич – ұйымдастыру мәселелері, ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықты үйлестіру, сондай-ақ демеушілік және серіктестік мәселелері бойынша хабарласуды сұраймыз.

E-mail: klyuev@qmu.kz

Тел.: +7 701 250 85 96

2. Кадырова Ирина Адильевна – ұйымдастыру мәселелері, ғылыми ұйымдармен ынтымақтастықты үйлестіру, сондай-ақ демеушілік және серіктестік мәселелері бойынша хабарласуды сұраймыз.

E-mail: ikadyrova@qmu.kz

Тел.: +7 701 503 37 30

3. Алёшина Наталья Юрьевна – қатысушыларды тіркеу, тезистерді ұсыну, постерлік баяндамаларды рәсімдеу және таныстыру мәселелері бойынша хабарласуды сұраймыз.

E-mail: conference.kmu@gmail.com

Тел.: +7 705 586 27 56.

Сіздің ұйымыңыздың мүдделі қызметкерлері, зерттеу топтары, докторанттары мен жас ғалымдары арасында осы ақпаратты таратуды сұраймыз және алдын ала алғысымызды білдіреміз.

Сіздер Қарағанды қаласында өтетін II Халықаралық биомедициналық форумымызға қатысады деген үміттеміз және Сіздерді қарсы алуға қуаныштымыз.

Құрметпен,

«International Biomedical Forum: Research and Innovation»

II Халықаралық биомедициналық форумының

Ұйымдастыру комитеті


Жарнамалар лентасы