«International Biomedical Forum: Research and Innovation» II Халықаралық биомедициналық форумы тезистерге қойылатын талаптар

ТЕЗИСТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

«International Biomedical Forum: Research and Innovation»

II Халықаралық биомедициналық форумы

2026 жылғы 22–23 қазан, Қарағанды медицина университеті

 

Жарияланатын тезистердің тақырыбы форумның ғылыми бағыттарына сәйкес келуі тиіс. Тезистерді ұсыну тілі – ағылшын тілі.

 

Тақырыпта келесі ақпарат көрсетілуі қажет:

-       Автордың Т.А.Ә.;

-       Тезис атауы;

-       Әр автордың ұйымының толық атауы және мекенжайы;

-       Редакциямен байланысқа жауапты автор бөлек көрсетіліп, оның байланыс электрондық поштасы және ұялы телефон нөмірі берілуі тиіс.

 

Тезистің мазмұнында келесі бөлімдер қамтылуы қажет: зерттеудің өзектілігі; зерттеудің мақсаты; зерттеу материалдары мен әдістері; нәтижелері; қорытындылары. Сонымен қатар, 5-6 түйін сөз жеке көрсетілуі қажет. Пайдаланған әдебиет көздеріне суреттерді, кестелерді және сілтемелерді пайдалануға жол берілмейді.

 

Тезистер Word мәтіндік редакторында, Times New Roman қарпімен терілуі тиіс. Тезис мәтінінің көлемі (авторлардың аты-жөні, тақырыбы, аффилиациясы және түйін сөздерді қоспағанда) бос орындарымен бірге кемінде 3 000 таңба және 5 000 таңбадан аспауы тиіс.

Рәсімдеу үлгісі:

 

A. K. Miller1, B. K. Aliyev2, A. O. Ivanov3*

 

OMICs TECHNOLOGIES – GENOMICS, PROTEOMICS, METABOLOMICS

AND OTHER AREAS

 

1NC JSC «Karaganda Medical University» (100008, Republic of Kazakhstan, Karaganda c., Gogolya str., 40; e-mail: info@qmu.kz)

2M. Kozybayev North Kazakhstan University (150000, Republic of Kazakhstan, Petropavlovsk c., Pushkin str.,86; e-mail: mail@ku.edu.kz)

3NC JSC «Marat Ospanov West-Kazakhstan Medical University» (030000, Republic of Kazakhstan, Aktobe с., Maresyeva str., 68; e-mail: info@zkmu.kz)

 

Introduction. Text. Text. Text. Text. Text. Text. Text. Text. Text. Text.

Materials and methods. Text. Text. Text. Text. Text. Text. Text. Text.

Results. Text. Text. Text. Text. Text. Text. Text. Text. Text. Text. Text.

Conclusion. Text. Text. Text. Text. Text. Text. Text. Text. Text. Text.

 

Key words:

 

Тезистерді 2026 жылдың 1 қазанына дейін (қоса алғанда) ұйымдастыру комитетінің электронды мекен-жайына conference.kmu@gmail.com жіберу қажет.


Тезистер орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық қатесіз және сауатты жазылуы тиіс. Автор тезистің ғылыми мазмұны мен материалдың баяндалуына жауапты.

Форумның тақырыбына және көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ белгіленген көлемнен аз тезистер қарастырылмайды.

 

Жарнамалар лентасы