БАЙҚАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

БАЙҚАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
«Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ Қытайдағы China Medical University (CMU) халықаралық жазғы мектебіне қатысу үшін студенттерді іріктеу байқауын жариялайды.
Бағдарлама туралы:
China Medical University — Қытайдағы білім беру, ғылым және халықаралық ынтымақтастық деңгейі жоғары жетекші медициналық университеттердің бірі.
Қатысушылар санаты:
Бағдарламаға 3–4–5 курс студенттері және магистранттар қатыса алады.
Бағдарлама мерзімі:
28 маусым – 11 шілде 2026 жыл
Өтетін орны: Шэньян, Қытай
Ұзақтығы: 14 күн
Қатысу шарттары: оқу және тұру — ТЕГІН
(әуе билеті, виза және жеке шығындар қатысушы есебінен)
Бағыттар:
• Медицина
• Қоғамдық денсаулық сақтау
• Фармация
• Биомедициналық инженерия
• Data Science / AI медицинада және аралас бағыттар
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
• Бакалавриат/магистратура студенттері немесе жас мамандар
• Жақсы академиялық үлгерім
• Ағылшын тілін білу сертификаты (HSK 4 деңгейі және жоғарысы құпталады, бірақ міндетті емес)
• Оқытуға және халықаралық алмасуға жоғары мотивация
Қажетті құжаттар:
• Өтінім (форма беріледі)
• Паспорт көшірмесі
• Студенттік билет немесе оқу/жұмыс орнынан анықтама
• Академиялық транскрипт
• Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат (300–500 сөз)
• Рекомендациялық хат
Өтінім беру мерзімі:
27 мамырға дейін 2026 жыл
Орын саны шектеулі — 7 студент
Толық ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне (327-каб.) немесе мына электронды поштаға хабарласуыңызды сұраймыз: international@qmu.kz