2026 жылғы 6 қарашада Орталық базасында «MedTechLab: Медициналық білім берудегі симуляциялық технологиялар» халықаралық ғылыми-білім беру жәрмеңкесі өтеді.

Идеядан — технологияға, технологиядан — жаңа білім беру мүмкіндігіне!

Симуляциялық оқыту дегеніміз — тек заманауи манекендер мен жоғары технологиялық құрал-жабдықтар емес. Сонымен қатар, бұл студенттер мен оқытушылардың, болашақ мамандардың ізденісі, тың идеясы және   жаңа шешімдерді ұсынатын өз жобалары.

Осы бағытта «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы медициналық білім беруге арналған жаңа жобалар мен тың шешімдерді ұсынуға мүмкіндік беретін алаң қалыптастырып отыр.

2026 жылғы 6 қарашада Орталық базасында «MedTechLab: Медициналық білім берудегі симуляциялық технологиялар» халықаралық ғылыми-білім беру жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде практикалық және клиникалық дағдыларды дамытатын өзіңіз жасаған симуляторды, тренажерді, модельді немесе оқу құралын таныстырып, идеяңызбен бөлісе аласыз.

Медицинада жақсы идеяға әрқашан орын бар. Ойыңда жоба бар ма? Өз қолыңмен жаса.

Жаңалығыңды көрсет. MedTechLab-қа қатыс!

Ұйымдастыру комитеті:

Сапалиди Евгения Владимировна

+7 775 937 25 53

Жаса. Сына. Енгіз.

Жарнамалар лентасы