Құрметті резидентураға түсуші үміткерлер!

Республикалық бюджет қаражаты есебінен оқуға түсушілер үшін:
• 10.08.2026 ж. сағат 18:00-ге дейін – «Қаралуда» және «Пысықтауда» мәртебесіндегі барлық өтініштерді өңдеу;
• 11.08.2026 ж. сағат 13:00-ге дейін – нәтижелерді алдын ала ранжирлеу және жалпы тізімді сайтта жариялау;
• 12.08.2026 ж. сағат 13:00-ге дейін – апелляцияға өтініштер қабылдау;
• 13.08.2026 ж. – 14.08.2026 ж. сағат 12:00-ге дейін – өтініштерді Республикалық апелляциялық комиссияның қарауы;
• 14.08.2026 ж. сағат 13:00-ге дейін – қорытынды ранжирлеу және нәтижелерді сайтта жариялау.


Жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) қаражаты есебінен оқуға түсушілер үшін:
• 12.08.2026 ж. – 17.08.2026 ж. аралығында (қоса алғанда) – ЖАО гранттарына өтініштер қабылдау. Республикалық бюджет есебінен оқуға түсе алмаған тұлғалар да өтініш бере алады;
• 18.08.2026 ж. – ранжирлеу нәтижелерін жариялау (апелляция қарастырылмаған).
Қосымша хабарлаймыз:
• 25.08.2026 ж. – ақылы оқу нысанына (бюджеттен тыс қаражат есебінен) өтініштер қабылдау аяқталады. Республикалық бюджет және ЖАО гранттары бойынша оқуға түсе алмаған тұлғалар да өтініш бере алады;
• 27.08.2026 ж. дейін – ранжирлеу нәтижелерін жариялау (апелляция қарастырылмаған).

Жарнамалар лентасы