Құрметті білім алушылар, 2026 – 2027 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 2 курсынан бастап білім алушылар үшін «ҚМУ» КеАҚ жатақханаларында орындарды бөлу туралы ақпарат ұсынылады.
Жатақханаларда орын беруге өтініш беру мерзімдерінің өзгеруі туралы хабарлаймыз:
|
Өтініш беру мерзімі |
Жеңілдікті санаттың атауы |
|---|---|
|
2026 жылдың 17 тамызнан бастап |
7 - ЖЖОКБҰ-ның өзге де білім алушылары
Білім алушыларды әлеуметтік қолдау ретінде университет айқындаған басым тәртіп: - жатақханаға орын бөлу сәтінде кәмелетке толмағандар болып табылатын білім алушылар; - бала кезінен мүгедек балаларды, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардан білім алушылар, - шетелдік білім алушылар; - ата-анасы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер болып табылатын білім алушылар; - көпбалалы отбасылардан білім алушылар, отбасында орын бөлу сәтінде білім алатын 4 кәмелетке толмаған немесе кәмелетке толған болуы тиіс (оқу орнынан анықтама қоса берілсін)
|
|
2026 жылдың 25 тамызнан бастап |
7 – «ЖЖОҚБҰ-ның өзге де білім алушылары» (жеңілдікті санаттарсыз) - талапкерлерді орналастырғаннан кейін қалған бос орындарға өтініштерді қабылдау жүзеге асырылады
|