«ҚМУ» КеАҚ құрметті білім алушылары!

«ҚМУ» КеАҚ құрметті білім алушылары!

 

2026 – 2027 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 2 курсынан бастап білім алушылар үшін «ҚМУ» КеАҚ жатақханаларында орындарды бөлу туралы ақпарат ұсынылады.

 Жатақханаларға орындарды бөлу https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200031540 «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жатақханаларында орындарды бөлу қағидалары» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №219 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Төменде Platonus жүйесінде жеке кабинет арқылы санаттар бойынша жатақханаларға өтініш берудің кезеңдік мерзімдері көрсетілді:

 

Өтініш беру мерзімі

Жеңілдікті санаттың атауы

 

 

 

 

 

 

 

 

15 – 31 шілде 2026 жыл

1 - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;

 

2 - үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедектігі бар адамдар, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын адамдар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, білім беру бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарындағы адамдар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын бағдарламаларға, сондай-ақ қандастарға;

 

3 - "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" жоба бойынша білім алушылары ("Серпін – 2050");

 

5 - мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес оқуға қабылданған, Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша жоғары балл алған білім алушылар.

Жоғары ҰБТ ұпай ≥ 120 ұпай.

 

6 – оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстарда жоғары нәтижелері бар жоғары курс білім алушылары

 

1 – 9 тамыз 2026 жыл

Жатақханаға орын бөлуге бұйрықты қалыптастыру және бекіту

 

11 – 24 тамыз 2026 жыл

4 - талапкерлер

 

25 – 31 тамыз 2026 жыл

7 - ЖЖОКБҰ-ның өзге де білім алушылары

 

Білім алушыларды әлеуметтік қолдау ретінде университет айқындаған басым тәртіп:

 

-          жатақханаға орын бөлу сәтінде кәмелетке толмағандар болып табылатын білім алушылар;

 

-          бала кезінен мүгедек балаларды, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардан білім алушылар,

 

-          шетелдік білім алушылар;

 

-          ата-анасы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер болып табылатын білім алушылар;

 

-          көпбалалы отбасылардан білім алушылар, отбасында орын бөлу сәтінде білім алатын 4 кәмелетке толмаған немесе кәмелетке толған болуы тиіс (оқу орнынан анықтама қоса берілсін)

 

-     жеңілдіксіз өзге де білім алушылар

 

1 – 13 қыркүйек 2026 жыл

Жатақханаға орын бөлуге бұйрықты қалыптастыру және бекіту.

 

14 қыркүйек 2026 жыл

7 – ЖЖОКБҰ-ның «өзге де білім алушылары» - жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылар және спутниктік қалаларда тұратын білім алушылар

 

25 – 31 тамыз 2026 жыл

Жатақханаға орналасу

 

Назар аударыңыз!

 

!!! Өтініш белгіленген мерзімде жеңілдікті санатқа сәйкес берілуі керек. Уақтылы берілмеген жағдайда өтініш жалпы негіздерде қаралатын болады.

 

!!! Өтінішті белгіленген мерзімде тапсыруды және жеңілдікті санатқа жататынын растайтын барлық қажетті құжаттарды қоса беруді және өтініштің мәртебесін бақылауды сұраймыз.

 

!!! Жатақханаға орналасуға өтініш берген кезде жатақхананы таңдау мүмкіндігі беріледі.

 

!!! Жоғары курс студенттеріне келесі жатақханаларда орын беріледі: №2, №5, №6, №7. 

Жатақхананың СӨБК және ЕСЖ бекітілген жатақханаларға өтініш береді.

 

!!! Өтініш берген кезде жатақханада тұру үшін төлем туралы түбіртекті тіркеу қажет.

10 айлық тұру үшін төлем, сондай-ақ сіз таңдаған жатақхананың бір айындағы тұру құнына тең кепілдік жарнасы қажет.

   

!!! Жатақханадан шығарылған кезде "Жатақханада орын беру туралы" шартта баяндалған барлық шарттар толық сақталған кезде түбіртек пен өтініш негізінде кепілдік жарнаны қайтару жүзеге асырылады.

 

!!! 2026 – 2027 жылдары «ҚМУ» КеАҚ жатақханаларында 1 ай тұру құны:

 

№1 жатақхана – 40 000 теңге

№2 жатақхана – 30 000 теңге

№3 жатақхана – 35 000 теңге

№4 жатақхана – 30 000 теңге

№5 жатақхана – 45 000 теңге

№6 жатақхана – 35 000 теңге

№7 жатақхана – 30 000 теңге

 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда деканат қызметкерлеріне хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Platonus жүйесінің «Жатақхана» модулі арқылы өтініш беру үшін төмендегі сілтеме бойынша нұсқаулықпен танысуларыңызды сұраймыз: https://qmu.edu.kz/kk/qmu-dagy-omir/studentter-qalashygy/

 

Жарнамалар лентасы