Қызметкерлер

Асамиданов Еркебұлан Марғұланұлы
Лауазымы: Кафедра меңгерушісі
Философия докторы PhD, қауымдастырылған профессор, уролог-андролог дәрігер.
- Оқытушылық, ғылыми және клиникалық қызметті қатар атқарады. 2012 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдады. 2018 жылы PhD диссертациясын қорғады.
- Кәсіби бағыттары: эндоскопиялық және лапароскопиялық урология, несеп-тас ауруын, қуықасты безінің гиперплазиясын және несеп жолдары өткізгіштігінің бұзылыстарын емдеу. Ғылыми зерттеулері нефропексия кезінде бүйрек және паранефралды тіндердің биологиялық және синтетикалық материалдарға реакциясына арналған. Ғылыми жарияланымдардың, монографиялардың, оқу және әдістемелік құралдардың, патенттердің авторы.
- 2023 жыл — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаты.
- 2026 жыл — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалі.