Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
Басты бет
Жаңалықтар
Мейіргер ісі саласындағы зерттеулер мен жобалар

Мейіргер ісі саласындағы зерттеулер мен жобалар

12 Сәуір 2019

2019 жылдың 1 сәуірі мен 5 сәуірі аралығында ProInCa жобасының аясында Назарбаев Университетінің медицина мектебінде «Сапалы зерттеулер және мейіргер ісі саласындағы жобаларды дамыту» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Семинарды Қарағанды медицина университеті (Қазақстан) және JAMK қолданбалы ғылымдар университеті (Финляндия) ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты - Қазақстандағы медициналық мекемелердің мейіргер ісі және медициналық ЖОО мен колледждердің профессорлық-оқытушылық құрамының бірлескен әлеуетін құру. Мастер-класс ашу салтанаты Назарбаев Университетінің Ғылым және білім департаментінің директоры Сыздыкова Алма Алибековна және Қарағанды медицина университетінің стратегиялық даму, ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Тұрмұхамбетова Анар Ақылбекқызының қолдауымен өткізілді.

Мастер-класс шеңберінде келесі пәндер бойынша ұлттық білім беру материалдарының жобасы жасалды: 1) мейіргер ісі саласындағы сапалы зерттеулер және 2) мейіргер ісі саласындағы жобаларды дамыту. Материалдар колледждерде және жоғары оқу орындарында академиялық және қолданбалы бакалавриат және магистратура бағдарламаларында қолданылатын болады.

Мастер-класқа Қазақстанның медициналық колледждері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. ҚМУ-ін келесі топ таныстырдыі: мейіргер ісі кафедрасының оқытушысы И.Б. Меерманова, қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының оқытушысы А.Р. Айтмағамбетов, «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының магистранты Ж.М. Қуаныш.

Үйлестірушілер ретінде Финляндиялық JAMK қолданбалы ғылымдар университетінен қонақтар болды: Йоханна Хейккиля, PhD, ProInCa жобасының аға кеңесшісі, денсаулық сақтау және әлеуметтік зерттеулер мектебі, Ханна Хопия, PhD, аға оқытушы, Туйя Ринкинен, D.H.Sc (Health Sciences), аға оқытушы, Альберта Т. (Бетти) Остерхофф, PhD, оқытушы және зерттеуші, мәдени антропология және денсаулық, медициналық зерттеулео мектебі, Hanze қолданбалы ғылымдар университеті, Гронинген (Нидерланды).

ProInCa туралы көбірек білу үшін http://Proinca-nursing.kz және әлеуметтік желілерде бізбен болыңыздар.

Ж.М. Қуаныш «Қоғамдық денсаулық сақтау»

мамандығының магистранты 


0
578

пікірлер

пікір қалдыру үшін.
Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР электрондық үкіметі
ҚР денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ Стратегиялық жоспары
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Болашақ бағдарламасы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуро аймақтық бюро
Magna Charta Universitatum
International Research Journal for Medical students
Өз қаражатынды басқаруды үйрен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы
The cochrane library
Маманның білім деңгейін тексеру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен басым бағдарламалар
Болашақ
Евразиялық интеграция
Жастармен ұлтық онлайн-консультациялар
Қаржы орталығы
Springer
Ұлттық клиникалық хаттамалар
Малайзия Ұлттық Университеті
Конференция күнтізбесі
ҚММУ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН КҮЗЕТІ, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Образовательный кредит
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
ЕНПФ зейнетақы қоры
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Өтініштердің үлгілері
Сауалнама
Студенттік кәсіпкерлік