Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Журнал
Медицина және Экология
Басты бет
ЖОО туралы ақпарат
ҚММУ жатақханаларындағы ішкі тәртіп ережесі

ҚММУ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНДАҒЫ ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ

1.  Жалпы ереже

30.06.2016 жылдағы №1 Өзгерiсiне сәйкес 1.1 тармақшасына өзгеріс енгізелген.

1.1.  Аталмыш ережелер Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы», «Білім туралы», «Тұрғынүй қатынастары туралы», «Мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы» Заңдарына; 1993 жылдың 3 маусымындағы Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің №454 «Жатақханаларды пайдалану ережелерін бекіту туралы» Қаулысына, 2015 жылдың 11 маусымындағы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің №376 «Жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» бұйрығына, 2016 жылдың 22 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің №66 «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі орындарды тарату ережелері туралы» бұйрығына, ЖОО Жарғысына, Еңбек (ішкі) тәртібі ережелеріне, санитарлық-эпидемиологиялық ережелерге, өрт талаптары мен нормаларына сәйкес әзірленген.

1.2.  Аталмыш ережелер университет сайтында http://www.kgmu.kz/ жалпы қолданысқа рұқсат берілген.

1.3.  Ереже Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жатақханада тұру қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

1.4.  Ереже жатақхананы беру тәртібін, ҚММУ жатақханасына орналасу тәртібі, сондай-ақ ҚММУ жатақханасының ішкі тәртіп ережесін реттейді.

1.5.  Университет жатақханада тұру қызметін қайтарымды негізде, сонымен қатар қайтарымсыз негізде де ұсынады.

1.6.  ҚММУ жатақханасындағы орындар білім беру ұйымы бекіткен тәртіпте, әкімшіліктің шешімі бойынша, бос орындар болған жағдайда, білім алушыларға тұру үшін ұсынылады.

1.7.  Жатақхана республикалық меншік болып табылады, университеттің шаруашылық жүргізу есебіне жатады және жоо қаражатының есебінен ұсталады.

2.  Орын ұсыну тәртібі

2.1.  ҚММУ жатақханасында орын беру тәртібі «Жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері мен стандарттарымен анықталады.

2.2.  Орын үміткердің ұсынған құжаттар пакеті негізінде жүзеге асырылады:

1)  жатақханада орын беру туралы өтініш, аталмыш Ереженің  ҚММУ Ф 15-2/1-03  формасы бойынша;

30.06.2016 жылдағы №1 Өзгерiсiне сәйкес  2.2. пунктінің 2-ші тармақшасымен толықтырылды.

2)  2015 жылдың 28 сәуіріндегі Қазақстан Республикасының Әділет министрінің №11408 нормативтік құқықтық актлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген (жеке меншікте қалада (жергілікті жерде) тұрғынүй бірліктерінің (пәтерлер, үйлер) ұйымның болмауы туралы) №246 бұйрығымен бекітілген «Қозғалмайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама беру» Мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес Қозғалмайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама.

3)  отбасы құрамы туралы анықтама, отбасы болған жағдайда;

4)  жетімдер үшін (ата-анасының біреуінен немесе екеуінен  айырылған жағдайда) ата-анасының өлімі туралы анықтама ата-анасының өлімі туралы;

5)  отбасында 4 және одан да көп бала болған жағдайда, көп балалы отбасы туралы анықтама (көп балалы отбасының балалары үшін); беру қажет;

6)  жеке  куәліктің көшірмесін.

2.3.  Құжаттар пакетін ҚММУ құжаттамаларды басқару бөлімі қабылдайды, тіркейді және реттейді, одан әрі 4 (төрт) жұмыс күні ішінде Комиссияның қарауына береді. 1 (бір) жұмыс күні ағымында Комиссия қарайды, одан кейін шешім қабылдағаннан кейін Құжаттамаларды басқару бөліміне береді, онда ол тіркеледі және үміткердің қолына беріледі.

2.4.  Үміткер өтінішін қарағаннан кейін осы Ереженің ҚММУ Ф 15-2/1-01  формасы бойынша Жатақханадан орын беру туралы жолдама мен осы Ереженің ҚММУ Ф 15-2/1-04 формасы бойынша Тұрғын үйді жалға алу шартының 2 данасы берілсе, оң нәтиже болып табылады.  Жолдамада Комиссия тұру мерзімі мен құнын көрсетеді. Жатақханадан орын беруден бас тартылса, дәлді негіздемесі бар хат алады.

2.5.  Үміткердің өтінішін қарау нәтижесін беру туралы мәлімет аталмыш Ереженің ҚММУ Ф 15-2/1-02 формасына сәйкес ҚММУ жатақханасында орын беруді есепке алу кітабына тіркеледі.

3.  Орналастыру және шығару тәртібі

3.1.  ҚММУ жатақханасына орналастыру Жолдаманың, Тұрғын үйді жалға алу шарты, жатақханада тұру ақысын төлеу туралы түбіртек және бөлмені қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады (Ф КГМУ 15-2-04).

3.2.  Тұтынушылық жұмыс департаментінің атынан жатақхананың меңгерушісі орналастыруға жауапты, орналастырғанға дейін орналасушынының ҚММУ еңбек (ішкі) тәртібінің ережесі, ҚММУ жатақханасындағы ішкі тәртіп ережесімен танысқандығын тексереді және онымен бөлмені қабылдау-беру актісін рәсімдейді (Ф КГМУ 15-2-04).

3.3.  Орналасушылар жатақханада ҚММУ Тұтынушылық жұмыс департаментінің қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженерден қауіпсіздік техникасы бойынша нұқау алады.

3.4.  Жатақхана тұрғындарына жатақханаға кіруге құқық беретін рұқсатнама беріледі.

3.5.  ҚММУ әкімшілігінің талабы бойынша жатақханаға орналасу кезінде педикулездың бар/жоқтығына анықтама және флюорографиядан өткендігі туралы парақ сұралады. «ҚММУ РМК жатақханасы тұрғындарының тізімдемесі» журналына (Ф КГМУ 15-2-03) жатақхана меңгерушісі білім алушыны тіркейді және жатақхана тұрғынының жеке ісіне арналған құжаттарды жинайды.

3.6.  Жатақхана тұрғынының жеке ісін қалыптастыру үшін қажетті құжаттар тізімі:

-  жолдама;

-  жеке куәлік (көшірме);

-  тұрғын үй шарты;

-  төлем туралы түбіртек (көшірме);

-  бөлмені қабылдау-беру актісі.

3.7.  Орналасушылар заңда белгіленген мерзімде тұрғылықты жері бойынша тіркеледі.

3.8.  Жатақханаға орналасқандардың тіркелу құжатын Тұрғын үйді жалға алу  шарты мен өзге растаушы құжаттардың негізінде білім алушының қатысуыменҚММУ паспрот үстелі рәсімдейді.

3.9.  ҚММУ жатақханасына тіркелу үшін қажетті құжаттардың тізімі:

-  тұрғын үйді жалдау шарты (түпнұсқасы); 

-  жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);

-  0,1 АЕК мөлшерінде тіркелу үшін мемлекеттік баж алымын төлеу туралы түбіртек;

-  ЭСҚ (болған жағдайда); 

-  тіркелуге келер алдында алынған мекенжай анықтамасы; 

-  тіркелуге келісу (бланк);

-  келу парағына статистикалық талон (бланк).

3.10.  Кәмелеттік жасқа толмаған студенттер мен оқушылар расттаушы құжаттары бар (түпнұсқасы мен көшірмесі) заңды өкілінің  қатысуымен жалпы ереже бойынша тіркеледі.  

3.11.  16 жасқа толмаған азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттар: 

-  ЖСН бар туу туралы куәлік;

-  Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.

3.12.  16 жастан бастап азаматтың жеке басын куәландыратын құжаттар:

-  Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;

-  Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.

ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдік азаматтар немесе азаматтығы жоқ азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттар: шетелдіктің Қазақстан Республикасында мекендеу қағазы, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі.

3.13.  Төменде көрсетілген жағдайларда жатақханадан шығарылады:

1) тұрғындар жүйелі түрде тұрғынжай мүлкiн үнемi бұзған немесе бүлдiрген;

2) тұрғындар үй-жайды мақсаты бойынша пайдаланбаған жағдайда;

3) егер жатақхана ережелерiн үнемi бұзуы басқалардың онымен бiр үй-жайда немесе бір жатақханада олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса;

4) тұрғындар дәлелдi себептерсiз тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн ақы төлеуден бір ай бойы жалтарса;

6) адам тұрғын үйге өз бетiмен басып кiрiп алса;

7) тұрғын үйді жалдау шартының мерзімі өтіп кетсе;

8) өз қалауы бойынша;

9) ҚММУ еңбек (ішкі) тәртібінің ережісі, ҚММУ жатақханасындағы ішкі тәртіп ережісі, Тұрғын үйді жалдау шартының ережелерін, ҚММУ аумағында әрекет ететін басқа ережелер мен талаптарды бұзғаны үшін;

10) ҚР заңнамасында, аталмыш Ережеде және Тұрғын үйді жалдау шартында белгілінген жағдайларда жоо әкімшілігінің шешімі бойынша шығарылуы мүмкiн.

3.14.  Жатақханадан шығарылған тұлғалар жатақхананы он күннің ішінде босатады.

3.15.  ҚММУ құжаттамаларды басқару бөлімі арқылы берілген, жатақханадан шығу мерзімі көрсетілген білім алушының өтініші негізінде әлде тұрғын үй-жай иесінің өтініші бойынша тіркеуден алынады.

6.   Ішкі тәртіп ережесі

6.1.  Жеке пайдалану бұйымдары, сондай-ақ жалпы пайдалану заттары оқу жылының басында қабылдау-беру актісі бойынша беріледі. Оқу жылының соңында тұрғындар жалпы пайдалану заттарын қабылдау-беру актісі бойынша тапсырады.

6.2.  Бөгде тұлғалар жатақханаға университет әкімшілігінің рұқсатымен кіре алады.

6.3.  Оқу мен демалу үшін дұрыс жағдай жасау мақсатында жазғы уақытта (қыркүйек, қазан, мамыр, маусым, шілде) жатақханаға сағат 23.00-ден кейін кіруге жол берілмейді. Қысқы уақытта (қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір) жатақханаға сағат 22.00-ден кейін кіруге жол берілмейді. Сағат  22.00, 23.00-ден 06.00-ге дейін жатақханада тыныштық сақталуы тиіс (аппаратура қосуға, ән айтуға, шулауға және т.б. тыйым салынады). Дәлізде және жалпы пайдалану орындарында кезекші жарық беру шамдары қалады.

6.4.  Жатақханадағы тәртіпті және өткізу режимін ведомствадан тыс күзет күштерімен жүзеге асырады.

6.5.  Жатақханадағы электроплиталардың жұмыс істеу тәртібі:

сағат 06.00 – 09.00.

сағат 12.00 - 22.00.

Демалыс күндері сағат 10.00-ден 22.00-ға дейін.

  Жатақханалардағы душ бөлмелерінің жұмыс істеу тәртібі сағат 6.00-ден 7.00-ге дейін, сағат 17.00-ден 22.00-ге дейін, демалыс күндері: сағат 06.00-ден 7.00-ге дейін, сағат 12.00-ден 22.00-ге дейін. Қажеттігі болған жағдайда, душ бөлмелерінің жұмыс істеу тәртібін СӨӨБК келісіледі.

6.6.  Жедел науқастану жағдайында тұрғын уақытша оқшаулау бөлмесіне ауыстырылады және дәрігер шақырылады, Дәрігерге телефон соғу журналына белгі қойылады.

6.7.  Дау-жанжал туындаған жағайда әкімшіліктің шешімімен тұрғындар (қажеттігі болған жағдайда) басқа бөлмелердің біріне, басқа жатақханаға ауыстырылады.

6.8.  Жатақханалардағы тәрбие беру жұмыстары Тәрбие беру кеңесінің, Деканаттың, Жастармен жұмыс жасау бөлім мен жатақханалардың Өзін-өзі басқару комитетінің жоспарларына сәйкес жасалады. Тәрбие беру жұмыстарымен жатақханаға келген университеттің қызметкерлері мен оқытушылары ҚММУ қызметкерлерінің жатақханаға келу журналына (ҚММУ Ф 15-2-07) тіркеледі.

7.  Тараптардың құқықтары мен міндеттері

ЖОО әкімшілігі:

5.1.  жатақханада санитарлық және басқа ережелер мен нормаларға сәйкес тұрмыстық, душ, оқшаулау бөлмелерімен жабдықтауға;

5.2.  жатақхананы қажетті жиһазбен, төсекжабдықтарымен және өзге құрал-жабдықтармен жабдықтауға;

5.3.  уақытында төсек жабдықтарын ауыстыруға (кемінде 10 күнде бір рет), жууға және зарасыздандыру жұмыстарымен қамтамасыз етуге;

5.4.  белгіленген тәртіпте жатақхананы қызмет көрсету персоналымен қамтамасыз етуге;

5.5.  уақытында үй-жайға  күрделі және ағымдық жөндеу жасауға;

5.6.  белгіленген санитарлық және басқа ережелер мен нормаларға сәйкес тұрғындарға коммуналдық-тұрмыстық қызметтер көрсетуге;

5.7.  жатақхана тұрғындары жедел науқастанғанда және ауруханаға жатпаған науқастарды оқшаулау бөлмесіне ауыстыруға;

5.8.  санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, өрт қауіпсіздігі мен қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамассыз етуге;

5.9.  жатақхана аумағында құқық бұзылушылықтың алдын алуға міндетті.

ЖОО әкімшілігі:

5.10.  ҚММУ бекітілген ережелер, нормалар мен талаптардың орындалуын талап етуге;

5.11.  аталмыш Ережеде қарастырылған тәртіпте тұрғынды жатақханадан шығаруға құқықылы;

Жатақхана тұрғындары:

5.12.  ҚММУ еңбек (ішкі) тәртібінің ережесін, ҚММУ жатақханасындағы ішкі тәртіп ережесін, қауіпсіздік техникасының ережелерін, санитарлық-эпидемиологиялық, өрт қауіпсіздігі талаптарын және нормаларын, тұлғаны тұрғылықты жері бойынша тіркеу ережесі, әскери есепке алу ережесін қатал сақтауға;

5.13.  жатақхананы мақсаты бойынша пайдалануға;

5.14.  жатақхананың үй-жайларын, жабдықтарын және құрал-саймандарын ұқыптылықпен ұстауға;

5.15.  тұрғын үй-жайларында және ортақ пайдалану орындарында тазалық пен тәртіпті сақтауға, өздері тұрып жатқан тұрғын бөлмелері мен блоктарында күн сайын жинау жұмыстарын жүргізіге;

5.16.  электр қуатын және суды үнемдеуге; бөлмеден соңғы болып шыққанда жарықты өшіруге, терезе, есікті жабуға және бөлменің кілтін күзетшіге тапсыруға;

5.17.  жатақханада тұрғаны үшін төлемді және ҚММУ ақылы қызметтерінің бағалар прейскурантына сәйкес қосымша ақылы қызметтердің төлемін уақытында төлеуге;

5.18.  келтірілген материалдық залалды төлем жүргізу уақытындағы оның нарықтық құны бойынша орнын толтыруға;

5.19.  ӨӨБК бекіткен кестеге сәйкес қабаттарда және жатақаханада кезекшілік атқаруға;

5.20.  тұрғындар жатақханадан шығып қалғанда, сондай-ақ демалысқа немесе өндірістік іс-тәжірибеге уақытша кеткенде кетер алдында жатақхана меңгерушісін екі күн бұрын ескертуге міндетті;

Жатақхана тұрғындары:

5.21.  жатақхананың оқу және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы үй-жайларын, жабдықтары мен құрал-саймандарын пайдалануға;

5.22.  жатақхана жабдықтарын, жиһазын, төсек жабдықтары мен басқа құрал-саймандарын уақытында жөндеуге және ауыстыруға, сондай-ақ тұрмыстық қамсыздандырудағы ақауларды жоюды талап етуге;

5.23.  жатақхананың Өзін-өзі басқару комитетін сайлауға және оның құрамына сайлануға;

5.24.  жатақхананың Өзін-өзі басқару комитеті арқылы тұрғын-тұрмыстық қамсыздандыру, тәрбие беру жұмыстары мен тынығуды ұйымдастыру, дербес жұмыс жасау және т.б. үшін тұрғын үй-жай мен бөлмелерді жабдықтау және сәндеу және т.б. мәселеге қатысты шешімдерді шешуге қатысуға құқылы;

5.25.  жатақхана тұрғындары қандай да бір жарамсыздықтар мен ақаулар туралы, оларды тез арада жою шараларын қабылдау үшін жатақхана меңгерушісіне хабарлауға міндетті;

Жатақхана тұрғындарына:

5.26.  өз қалауымен бір бөлмеден екіншісіне ауысуға;

5.27.  өз қалауымен құрал-жабдықтарды бір бөлмеден екіншісіне апаруға;

5.28.  тұрғындарға рұқсатсыз басқа студенттердің тұрғын бөлмесіне кіруге;

5.29.  электр желілерін қайта жөндеуге және түзетуге, жергілікті желілерді салуға, спутник антена, телефония және т.б. орнатуға;

5.30.  тұрғын бөлмелерде электр жылыту аспаптары, примуса, керосинка және т.б. пайдалануға;

5.31.  жатақхана әкімшілігінің рұқсатыңсыз қосымша электр тұтыну аспаптарын орнатуға;

5.32.  сағат 23.00-ден кейін дауыс шығарушы аппатарураны қосуға, ән айтуға, шулауға;

5.33.  тұрғын бөлмеде жұмсақ бұйымдарды жууға және кептіруге, киімді және аяқ киімді тазалауға;

5.34.  терезеден, раковинаға және унитазға қоқыс пен ас қалдықтарын тастауға;

5.35.  старостаның немесе жатақхананың ӨӨБК алдын ала келісімінсіз тұрғын бөлменің қабырғасында, ортақ пайдалану орындарында, қатты бұйымдарда хабарландыру, кесте, сурет репродукциясын және т.б. жапсыруға;

5.36.  жатақхана аумағында және бөлмелерде қоғмдық тәртіпті бұзуға, мас күйінде келуге, алькоголь ішімдіктерін және медициналық көрсеткіштері жоқ психотроптық заттарды сақтауға және ішуге, шегуге тыйым салынады.

6. Тараптардың жауапкерлігі, ынталандыру және жазалау

6.1.  Ішкі тәртіп ережесін сақтайтын, және жатақханадағы тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысатын жатақхана тұрғындары ынталандыруға ұсынылады:

-  алғыс;

-  грамота;

-  естелік немесе құнды сыйлықтарымен;

-  келесі жылы орынды (бөлмені) сақтап қалу құқығымен.

6.2.  Осы ережелерді бұзғаны үшін тұрғындар тәртіптік жазаға тартылуы ықтимал:

­  ескерту;

­  жатақхана бойынша қоғамдық-пайдалы жұмыстарға тартылады;

­  басқа жерге орналастыру;

­  жатақханадан шығару.

6.3.  Студенттердің қоғамдық тәртіпті бұзғаны, мас күйде келгені, спирт ішімдіктерін ішкені, наркотикалық және психотроптық заттарды пайдаланғаны, әлде жоо-ң нормативтік құқықтық және жергілікті актілерінде қарастырылған басқа міндеттерді орындамағаны үшін тұрғындар ҚММУ Еңбек (ішкі) тәртібі ережесінде белгіленген тәртіпте тәртіптік жазалауға тартылуы мүмкін.

6.4.  Жатақхана тұрғындарын ынталандыру және жазалау жатақхананың Өзін –өзі басқару комитетінің, не жатақхана әкімшілігінің ұсынысы бойынша жасалады.

6.5.  Барлық тұрғындардың және қызмет көрсету персоналының Ішкі тәртіп ережесін, өрт қауіпсіздігі мен қауіпсіздік техникасын сақтау үшін жауапты.

6.6.  Техникалық қамсыздандыру және қауіпсіздік жүйесі бөлімі деканатқа оқу уақытында жатақханада болған студенттердің фамилияларын хабарлайды.

6.7.  Жатақхана меңгерушісі Тұтынушылық жұмыс департаментіне құқық бұзушылық туралы хабарлауға міндетті.

6.8.  Жатақхана тұрғындарының Ішкі тәртіп ережесін орындамағандығы туралы ақпаратты жатақхана меңгерушісі, әкімшілік өкілдері, жатақхананың Өзін-өзі басқару комитеті, күзетшілер, кураторлар жатақхананың вахтасындағы ҚММУ қызметкерлерінің жатақханаға келу журналына тіркейді (ҚММУ Ф 15-2-07).

6.9.  Жатақханада тұру ережесі, тіршілік әрекетін сақтау ережесін және аталмыш Ережені бақылау және сақтау үшін ҚММУ әкімшілігінің қатарынан комиссия құрылуы мұмкін. Аталмыш комиссия сағат 02.00-ға дейін тексеріс жүргізуге құқылы.

6.10.  Студенттермен кездесу үшін келген уақытта студенттердің тұрмыстық қамсыздануында тәртіп бұзушылық анықталған жағдайда факультет декандары мен кураторлар, факультет деканы ҚММУ ректорының атына жазбаша түрде ақпарат береді.


Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР электрондық үкіметі
ҚР денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ Стратегиялық жоспары
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Болашақ бағдарламасы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуро аймақтық бюро
Magna Charta Universitatum
International Research Journal for Medical students
Өз қаражатынды басқаруды үйрен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы
The cochrane library
Маманның білім деңгейін тексеру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен басым бағдарламалар
Болашақ
Евразиялық интеграция
Жастармен ұлтық онлайн-консультациялар
Қаржы орталығы
Springer
Ұлттық клиникалық хаттамалар
Малайзия Ұлттық Университеті
Конференция күнтізбесі
ҚММУ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН КҮЗЕТІ, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Образовательный кредит
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
ЕНПФ зейнетақы қоры
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Өтініштердің үлгілері