Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Журнал
Медицина және Экология
Басты бет
ЖОО туралы ақпарат
ЖОО-ның миссиясы және саясаты

ЖОО-ның саясаты және миссиясы

Құрметті сайт қонақтары!

Сіздерді Қарағанды мемлекеттік медицина университеті қошеметпен қарсы алады!

Біздің университет 1950 жылы құрылған, денсаулық сақтау жүйесі үшін білікті кадрлар дайындау бойынша Қазақстанның жетекші медициналық ЖОО болып табылады, білім беру, ғылыми және емдеу-диагностикалық қызмет көрсету салаларында жоғары беделге ие. ЖОО ҚР медициналық ЖОО-ларының жоғары ұлттық рейтингісімен ерекшеленді, Бас институционалды рейтингісінде  2-орынды (НКАОКО), «Медицина» мамандығының «магистратура» бағдарламасының бағыты бойынша 2-орынды (НКАОКО), «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының рейтингісінде 2-орынды иеленді (НААР).

Бүгінгі күні университет мамандарды көп деңгейлі сатыда дайындауды іске асыруда: бакалавриат, жоғары оқу орынан кейінгі (магистратура, резидентура, докторантура) және қосымша білім беру. Оқыту мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Университетте сегіз мыңнан аса білім алушы бар. Біздің түлектер Қазақстанда, жақын және алыс шетелдерде табысты жұмыс атқарады.

Университетте жоғары білікті оқытушылар, олардың ішінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының, Медицина ғылымдары академиясының, Әскери ғылымдар академиясының,ҚР Жаратылыстану ғылымдары академиясының,  Ресей Жаратылыстану академиясының, Халықаралық ақпараттандыру акдемиясының, Еуразия халықаралық ғылымдар академиясының 22 академигі және корреспондент-мүшесі,  72 ғылым докторы, 5 PhD докторы, 266 ғылым кандидаты  және 122 магистр дәрежесі бар маман сабақ береді.

Білім беру және ғылыми зерттеулер сапасы жоғары деңгейдегі инфрақұрылыммен  қамтамасыз етіледі, бұлар – интерактивті құралдармен жабдықталған дәрісханалары бар 4 оқу ғимараты, оқу залдары және электронды кітапхана залдары бар ғылыми кітапхана, жоғары технологиялық жаттығу құрылғылары мен манекендермен жабдықталған практикалық дағдылар орталығы, ғылыми – зерттеу орталығы және ұжымдық пайдалану зертханасы, ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасы, 6 жатақхана, 52 клиникалық база, Қазақстан Республикасы және шет мемлекеттерінде 476 кәсіби тәжірибеден өту базалары, медицина орталығы, стоматологиялық клиника, студенттік спорттық-сауықтыру лагерлері. 

Медициналық білім беру, ғылым және тәжірибе саласында Қазақстан мен жақын және алыс шетелдің медициналық ЖОО және ғылыми орталықтары университеттің әріптестері болып табылады. Белсенді халықаралық ынтымақтастық келесі  ЖОО-лармен жүзеге асады: Пловдив медицина университеті (Болгария),  Салоникидегі Аристотель университеті (Греция), Акакия Церетели мемлекеттік университеті (Грузия), Барселонаның Менеджмент жоғары мектебі (Испания), Вильнюс университеті (Литва), Николай Тестемицану  атындағы медицина және фармация мемлекеттік университеті (Молдова), И. М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті (РФ), Абуали ибн Сина атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университеті (Тәжікстан), Ата түрік атындағы университет (Түркия),  JAMK Қолданбалы ғылымдар университеті (Финляндия), Пуатье университеті (Франция), Загреб университеті (Хорватия), Лунд университеті (Швеция).

ҚММУ –2005 жылы Халықаралық стандарт ИСО 9001 NQA – UK (Ұлыбритания), NQA – Russia сертификаттау органы өткізген сапа менеджменті жүйесінің білім беру, ғылыми және клиникалық қызметтерге сәйкестікке  сертификаттауын ойдағыдай өткен ҚР бірінші медициналық жоғарғы оқу орны. 2015 жылы SGS (Швейцария) сертификаттау органында сертификат алды.

ҚММУ Дүнежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы және Дүниежүзілік Медициналық білім беру Федерациясының «Авиценна» медицина мектептерінің Директорийіне енгізілді. ҚММУ Университеттердің Ұлы  Хартиясының (MCU), Еуропаның медициналық білім беру қауымдастығының (АМЕЕ), Медициналық білім беруді оқыту Қауымдастығының (ASME), Азия Медициналық білім беру қауымдастығының (АМЕА), Еуропалық жүйедегі Биомедицина және денсаулық сақтау саласындағы PhD Қорғау ұйымының (ORPHEUS), Азия мен Тынық мұхиты аймағындағы университеттік  ұтқырлықты ұйымдастыру ұйымының (UMAP), Білім дамыту халықаралық қауымдастығының (IADE),  Барселонаның  Менеджменттің жоғары мектебі қауымдастығының  (GSMB), Еуропалық Университеттер Қауымдастығының (EUA) мүшесі болып табылады.

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде білім алу – бұл тұрақты болашақтың кепілі!

Біздің университетке қош келдіңіздер!

Раушан Сұлтанқызы Досмағамбетова

м.ғ.д., профессор, ҚММУ ректоры

Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің

сапа саласындағы саясаты

Миссиясы

Білім, ғылым және практикаға инновацияларды енгізу арқылы ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің талаптары мен халықаралық стандарттарға жауап беретін кәсіби білікті мамандарды даярлау

Болашақты болжау

Ғылым, практика және инновация арқылы білім беру қызметін жүзеге асыратын зерттеушілік университет

Құндылықтар

Дәстүрлер

Академиялық адалдық

Кәсіпқойлық

Инновациялар

Азаматтық және әлеуметтік жауапкершілік

Сапа саласындағы саясатты қабылдай отырып ҚММУ басшылығы келесі міндеттемелерді өзіне жүктейді:

·  барлық қызығушылық танытқан елдердің талаптары мен болжамдарына жауап беретін, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі үшін жоғары деңгейде мамандар дайындығын қамтамасыз ету бойынша;

·  білім беру, ғылыми, клиникалық және инновациялық қызметтердің ішкі және сыртқы нарығында ЖОО-ң жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша;

·  көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және қызметіндегі шығындарды төмендету мақсатында университет инфрақұрылымын тұрақты түрде жақсарту және жаңартып отыру бойынша;

·  Қазақстан Республикасының заңнамасы мен басқа да мүдделі тараптардың талаптарына сәйкес жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу бойынша;

·  тұтынушылардың және басқа да мүдделі тараптардың қанағаттанушылығын арттыру мақсатында сапа менеджменті жүйесін тұрақты түрде жетілдіру бойынша.

Сапа саласындағы саясатты қабылдай отырып, ҚММУ басшылығы өз қызметінің негізгі қағидаттарын ресми мәлімдейді:

·  стратегиялық жоспарлау және ҚММУ даму стратегиясын жүзеге асыру;

·  қарқынды дамушы және табысты зерттеу қоғамдастығын қалыптастыру;

·  тұтынушылардың (тұлға, қоғам, ұйым, мемлекет) көрсетілетін қызметтер сапасына  қанағаттанушылығы;

·  университеттің басқарушылық құрылымында студенттік өзін-өзі басқаруды және студенттер өкілдігін дамыту;

·  көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту үшін инновациялық технологияларды дамыту;

·  кадрлық ресурстарды дамыту;

·  ұжымдық мәдениет пен сапа мәдениетін дамыту;

·  ұлттық және халықаралық деңгейде әріптестік қарым-қатынастарды дамыту және нығайту;

·  материалдық-техникалық базаны дамыту және ресурстардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.

ҚММУ ректоры    Р.С. Досмағамбетова

ҚММУ ректораты шешімінің

2017 ж. «9» қантардағы № 5 хаттамасымен бекітілді


Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР электрондық үкіметі
ҚР денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ Стратегиялық жоспары
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Болашақ бағдарламасы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуро аймақтық бюро
Magna Charta Universitatum
International Research Journal for Medical students
Өз қаражатынды басқаруды үйрен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы
The cochrane library
Маманның білім деңгейін тексеру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен басым бағдарламалар
Болашақ
Евразиялық интеграция
Жастармен ұлтық онлайн-консультациялар
Қаржы орталығы
Springer
Ұлттық клиникалық хаттамалар
Малайзия Ұлттық Университеті
Конференция күнтізбесі
ҚММУ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН КҮЗЕТІ, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Образовательный кредит
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
ЕНПФ зейнетақы қоры
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Өтініштердің үлгілері