Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
Басты бет
«ҚМУ» КеАҚ медициналық университет клиникасы
Пациент үшін ақпарат ( жоспарлы емге жатқызу талаптары)

Пациент үшін ақпарат ( жоспарлы емге жатқызу талаптары)

Пациент үшін ақпарат ( жоспарлы емге жатқызу талаптары)

Төсек профиліне сәйкес пациенттерді ауруханаға жоспарлы түрде жатқызу қағазымен тексерудің минималды көлемінің тізімі

Хирургиялық профиль:

1.  Қан тобы, резус фактор

2.  АИТ қан тапсыру (3ай.)

3.  Гепатит В (HbSAg) және гепатит С (HCV) маркерлерінеқан талдауы (3 ай)

4.  ЖҚТ (12 параметр, тромбоциттер,  қан ұю уақыты, қан кету уақыты)(10 күн)

5.  ЖЗТ (10күн)

6.  Микрореакция (10 күн)

7.  Қандағы қант (10күн)

8.  Биохимиялық талдау (ж. белок фракциямен, СРБ, жалпы амилаза,билирубин тікжәнежалпы, АЛАТ, АСАТ, несепнәр, креатинин.  АЦЦП, РФ-жүйелі аурулармен ауыратын адамдарға) (10күн)

9.  Қан электролиттері (10 күн)

10.  Глисттердің жұмыртқаларына кал тапсыру(10күн)

11.  Коагулограмма (фибриноген, АИТВ, протромбинді уақыт.  Д-димер, АТ-III, ХНҚҚ– варфарин қабылдаушыларға) (10 күн)

12.  Мұрыннан және аңқадан алтын стафилококка жағынды алу (міндетті емес, бірақ операциядан кейінгі инфекциялық асқынуларды алдын-алу мақсатында ұсынылады)

13.  Электрокардиограмма (ЭКГ) қорытындысымен және таратылуымен  (10 күн)

14.  Кеуде қуысы органдарвн флюорографиялық зерттеу, кеуде қуысы органдарының рентгені(6 ай).

15.  Бүйректерді УДЗОБП (3 ай)

16.  Фиброгастродуоденоскопия (ФГДС) (30 күн).

17.  ЭКГ тәуліктік мониторлау, жүректің эхокардиографиясы (УДЗ) – 65 жастан жоғары және жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларымен ауыратын адамдар үшін.

18.  Спирография, КТ, МРТ (көрсеткіштер бойынша)

19.  Брахиоцефалдық артериялардыультрадыбыстық зерттеу(УДЗ) (көрсеткіштер бойынша)

20.  ФКС, ректороманоскопия (көрсеткіштер бойынша)

21.  Терапевттің қорытындысы (1 ай)

22.  Мамандардың кеңесі (көрсеткіштер бойынша, 1ай)

Урологиялық профиль

1.  Қан тобы, резус фактор

2.  АИТВ – ге қан тапсыру (3ай)

  3.  Гепатит В (HbSAg) және гепатит С (HCV) маркерлерінеқан талдауы (3 ай)

  4.  ЖҚТ (12 параметр, тромбоциттер,  қан ұю уақыты, қан кету уақыты)(10 күн)

5.  ЖЗТ (10күн)

6.  Зәрдің бактериологиялық себуі (14 күн бұрынғы)

7.  Микрореакция (10күн)

8.  Қандағы қант (10күн)

  9.  Биохимиялық талдау ( ж.белок фракциямен, СРБ, жалпы амилаза,билирубин тік және жалпы, АЛАТ, АСАТ, несепнәр, креатинин.  АЦЦП, РФ-жүйелі аурулармен ауыратын адамдарға ) (10күн)

10.  Қан электролиттері (10 күн)

11.  Глисттердің жұмыртқаларына кал тапсыру (10күн)

12.  Коагулограмма (фибриноген, АИТВ, протромбинді уақыт.  Д-димер, АТ-III, ХНҚҚ – варфарин қабылдаушыларға) (10 күн)

13.  Сперморгамма (көрсеткіштер бойынша)

14.  Мұрыннан және аңқадан алтын стафилококка жағынды алу (міндетті емес, бірақ операциядан кейінгі инфекциялық асқынуларды алдын-алу мақсатында ұсынылады)

15.  Электрокардиограмма (ЭКГ) қорытындысымен және таратылуымен  (10 күн)

16.  Кеуде қуысы органдарвн флюорографиялық зерттеу, кеуде қуысы органдарының рентгені (6 ай).

17.  Іш қуысы органдарын, бүйректерді УДЗ,(қуықты, қуық асты безін , ұманың –көрсеткіштер бойынша) (3 ай)

18.  Фиброгастродуоденоскопия (ФГДС) (30 күн).

19.  ЭКГ тәуліктік мониторлау, жүректің эхокардиографиясы (УДЗ) – 65 жастан жоғары және жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларымен ауыратын адамдар үшін.

20.  Қуықты КТ, МРТ, МСКТ өткізу (көрсеткіштер бойынша)

21.  Бүйректердің доплерографиясы, экскреторлы урография, пиелоурография, ,  цистография,  уретрография (көрсеткіштер бойынша)

22.  Диафаноскопия, уретроцистоскопия (көрсеткіштер бойынша)

23.  Урофлуометрия (көрсеткіштер бойынша)

24.  Мамандардың кеңесі (көрсеткіштер бойынша) (1ай)

25.  Терапевттің, отолорингологтың, стоматологтың қорытындысы (1 ай)

Отоларингологиялық профиль:

1.  Қан тобы, резус фактор

2.  АИТВ – ге қан тапсыру (3ай)

3.  Гепатит В (HbSAg) және гепатит С (HCV) маркерлерінеқан талдауы (3 ай)

4.  ЖҚТ (12 параметр, тромбоциттер,  қан ұю уақыты, қан кету уақыты)(10 күн)

5.  ЖЗТ (10күн)

6.  Микрореакция (10күн)

7.  Қандағы қант (10күн)

8.  Биохимиялық талдау (ж. белок фракциямен, СРБ, жалпы амилаза,билирубин тікжәнежалпы, , АЛАТ, АСАТ, несепнәр, креатинин.  АЦЦП, РФ-жүйелі аурулармен ауыратын адамдарға) (10күн)

9.  Қан электролиттері (10 күн)

10.  Глисттердің жұмыртқаларына кал тапсыру(10күн)

11.  Коагулограмма (фибриноген, АИТВ, протромбинді уақыт.  Д-димер, АТ-III, ХНҚҚ– варфарин қабылдаушыларға) (10 күн)

12.  Мұрыннан және аңқадан алтын стафилококка жағынды алу, антибиотиктерге сезімталдығы.  (14күн)

13.  Электрокардиограмма (ЭКГ) қорытындысымен және таратылуымен  (10 күн)

14.  Кеуде қуысы органдарвн флюорографиялық зерттеу, кеуде қуысы органдарының рентгені (6 ай).

15.  Мұрынның қосалқы қуыстарының рентгені, ЛОР органдардың УДЗ-і (көрсеткіштер бойынша)

16.   КТ, МРТ (көрсеткіштер бойынша)

17.  ЭКГ тәуліктік мониторлау, жүректің эхокардиографиясы (УДЗ) – 65 жастан жоғары және жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларымен ауыратын адамдар үшін.

18.  Стоматологтың кеңесі. (1ай)

19.  Терапевттің қорытындысы (1 ай)

20.  Мамандардың кеңесі (көрсеткіштер бойынша, 1ай)

Терапевтический профиль:

1.  Қан тобы, резус фактор

2.  АИТВ – ге қан тапсыру (3ай)

3.  Гепатит В (HbSAg) және гепатит С (HCV) маркерлерінеқан талдауы (3 ай)

4.  ЖҚТ (12 параметр, тромбоциттер,  қан ұю уақыты, қан кету уақыты)(10 күн)

5.  ЖЗТ (10күн)

6.  Микрореакция (10күн)

7.  Қандағы қант (10күн)

8.  Биохимиялық талдау (ж. белок фракциямен, СРБ, жалпы амилаза,билирубин тікжәнежалпы, , АЛАТ, АСАТ, несепнәр, креатинин.  АЦЦП, РФ-жүйелі аурулармен ауыратын адамдарға) (10күн)

9.  Глисттердің жұмыртқаларына кал тапсыру (10күн)

10.  Коагулограмма (фибриноген, АИТВ, протромбинді уақыт.  Д-димер, АТ-III, ХНҚҚ– варфарин қабылдаушыларға) (10 күн)

11.  ФГДС кезіндегі зәр шығару сынағы (көрсеткіштер бойынша)

12.  Қан электролиттері (10 күн)

13.  Қақырықтың жалпы талдауы (көрсеткіштер бойынша)

14.  Қақырықтың бактериологиялық себуі+ антебиотиктерге сезімталдығы(көрсеткіштер бойынша)

15.  Қақырықты бактериоскопиялық зерттеу (14 күндік көрсеткіштері бойынша);

16.  Қанның газдық құрамын зерттеу (10 күндік көрсеткіштері бойынша)

17.  Зимницкий сынамасы (көрсеткіштер бойынша)

18.  Зәрдің бактериологиялық себуі + антибиотиктерге сезімталдығы (көрсеткіштер бойынша)

19.  Нечипоренко талдауы (көрсеткіштер бойынша)

20.  Копроскпоия, нәжістегі жасырын қанды зерттеу (көрсеткіштер бойынша)

21.  Буын рентгені (көрсеткіштер бойынша)

22.  Спирография, КТ, МРТ, ЭХОЭГ, ЭЭГ (көрсеткіштер бойынша)

23.  Электрокардиограмма (ЭКГ) қорытындысымен және таратылуымен  (10 күн)

24.  Кеуде қуысы органдарвн флюорографиялық зерттеу, кеуде қуысы органдарының рентгені (6 ай).

25.  Іш қуысы органдарын, бүйректерді УДЗ,(қуықты, қуық асты безін , ұманың –көрсеткіштер бойынша) (3 ай)

26.  Фиброгастродуоденоскопия (ФГДС) (30 күн).

27.  ЭКГ тәуліктік мониторлау, жүректің эхокардиографиясы (УДЗ) – 65 жастан жоғары және жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларымен ауыратын адамдар үшін.

28.  Брахиоцефалдық артериялардыультрадыбыстық зерттеу(УДЗ) (көрсеткіштер бойынша)

29.  ФКС, ректороманоскопия (көрсеткіштер бойынша)

30.  Терапевттің қорытындысы (1 ай)

31.  Мамандардың кеңесі (көрсеткіштер бойынша, 1ай)



33a46d3a1a0491ffd941d6f5272793f1

8a27a938b046fa2ac372b75bd7219897

99a4bcd69e9d4b9ed8227a026bad6fef

Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және 
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 418 Бұйрығына 
қосымша 

Пациент пен медициналық ұйым арасында жасалатын тегін
медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде
медициналық көмек ұсыну жөніндегі үлгілік шарт

__________ қаласы.    № _____  20___ж. «___» _____________

____________________________________________________________________,
(Тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), туған күні, жеке басын куәландыратын құжат (жеке бас куәлігі, паспорт) берілген күні, кім берді)
  мына мекенжай бойынша тұрып жатқан:
_______________________________, одан әрі «Пациент» деп аталып бір тараптан және «____________________________________________________»,
   (денсаулық сақтау субьектісінің атауы)
медициналық қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензиясы ________________________ атынан ____________________________________,
   (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде)
Жарғының (Ереженің) негізінде қызмет ететін, одан әрі «Денсаулық сақтау субъектісі» деп аталып екінші тараптан, төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

1. Шарттың мәні

  1. Денсаулық сақтау субъектісі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде:
  - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Пацентке медициналық көмек (дәрігерге дейінгі медициналық көмек, білікті медициналық көмек, мамандандырылған медициналық көмек, жоғары мамандандырылған медициналық көмек, медициналық-әлеуметтік көмек, оның ішінде тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек, стационарды алмастыратын, оңалту және паллиативтік көмек) көрсетеді;
  - дәрі-дәрмектік терапияны уақтылы тағайындауды және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен (бұдан әрі – № 786 бұйрық) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесіне сәйкес пациентке дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды амбулаториялық деңгейде алуына рецептер жазып беруді қамтамасыз етеді.
  2. Пациент дәрігер белгілеген режимді сақтау бойынша, оның ішінде сапалы медициналық қызмет ұсынуды қамтамасыз ететін жазылып берілген дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдауға байланысты Денсаулық сақтау субъектісі маманының ұсынымдарын орындайды.
  3. Денсаулық сақтау субьектісі мен Пациенттің арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының (бұдан әрі - ҚР) заңнамалық нормаларымен және осы шартпен реттеледі.
  4. Пациент өзінің дербес деректерін (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде), ұлты, жынысы, туған күні, жеке сәйкестендіру номері, заңды мекен-жайы, тұрғылықты жері, байланыс құралының абоненттік нөмірі) және медициналық жазбаларын Пациентті зерттеп-қарау және емдеу процесінің қатысушыларымен осы ақпаратпен алмасу мақсатында Денсаулық сақтау субьектісі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (бұдан әрі - ҚР ДСӘДМ) ақпараттық жүйелеріне енгізуге және пайдалануға келіседі.

2. Қызмет көрсету шарттары мен тәртібі

  6. Денсаулық сақтау субъектісі осы шарт бойынша __________________ мекенжайы бойынша, сондай-ақ Денсаулық сақтау субъектісімен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге арналған қосалқы мердігерліктің тиісті шарттары бар медициналық ұйымдарда да қызмет көрсетеді.
  7. Денсаулық сақтау субъектісі осы шарт бойынша Денсаулық сақтау субъектісінің әкімшісі белгілеген және Пациентке мәлімделген жұмыс күні мен уақытында қызметтер көрсетеді.
  8. Денсаулық сақтау субъекті Пациентке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер (дәрігерге дейінгі медициналық көмек, білікті медициналық көмек, мамандандырылған медициналық көмек, жоғары мамандандырылған медициналық көмек, медициналық-әлеуметтік көмек, оның ішінде тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек, стационарды алмастыратын, оңалту және паллиативтік көмек) көрсетеді.
  9. Пациентті стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезде, кезінде түскен сәттен бастап 30 минуттан кешіктірмей қабылдау бөлімшесінде қабылдау бөлімшесінің дәрігері тексеріп-қарау жүргізеді.
  10. Науқас стационарға шұғыл келіп түскен кезде қабылдау бөлімшесінің дәрігері дереу тексеріп-қарау жүргізеді.
  11. Баланы емдеуге жатқызу кезінде оның заңды өкілімен шарт жасалады.
  12. Денсаулық сақтау субъектісі стационарда демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, тәулік бойы бақылауды, барлық қажетті зерттеп-қарауды және емдеуді қамтамасыз етеді.
  13. Денсаулық сақтау субъектісі Пациенттің тегін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды алу құқығын іске асыруды, сондай-ақ тегін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды алу процесінде лайықты ілтипат жасауды, Пациенттің мәдени және жеке басының құндылықтарына құрмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

  14. Денсаулық сақтау субъектісі:
  1) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі 184-бабымен көзделген Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексінің сақталуын қамтамасыз етеді;
  2) ұйымның бар лицензиясын, сертификаттарын және Қазақстан Республикасында қолданыстағы денсаулық сақтау туралы заңнамаға сәйкес Пациентке медициналық көмекті ұсына отырып, осы шарт бойынша қызметті уақтылы және сапалы көрсетеді;
  3) заңмен белгіленген тәртіпте қолданылуына рұқсат етілген профилактикалау, диагностикалау, емдеу әдістерін, медициналық технологияларды, дәрілік заттарды, иммунобиологиялық препараттарды және дезинфекция құралдарын пайдаланады;
  4) Пациент қолайлы, түсінікті тілдегі және белгіленген тәртіпте мыналар кіретін ақпаратпен қамтамасыз етеді:
  - қызмет көрсету орны, ұйымда көрсетілуі мүмкін профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызмет көрсетулер туралы, мамандардың біліктіліктері және сертификаттары туралы мәліметтер;
  - жұмыс режимі мен тәртібі туралы мәліметтер, дәрігерлердің қабылдау кестесі (кабинеттің нөмірі, дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), қабылдау уақыты көрсетілген) (алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдар үшін);
  - дәрігерді үйге шақырту ережелері туралы ақпарат (алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдар үшін);
  - стационар жұмысының ішкі тәртібі мен ережелері туралы мәліметтер (медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар үшін);
  - қолданылатын емнің түрлері мен әдістері туралы, дәрілік заттардың мөлшері, дүркінділігі, ұзақтығы және қабылдау тәртібі туралы және препараттардың мүмкін болатын салдары мен жанама әсерлері туралы, үй жағдайында дәрілік заттарды сақтаудың ерекшеліктері туралы қысқаша ақпарат;
  - оған медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау саласындағы мамандардың аттары, біліктіліктері және сертификатталуы туралы ақпарат;
  5) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарын тіркеу орнының ұтымды жұмысын ұйымдастыру арқылы пациенттер ағымының қарқындылығын реттеуді қамтамасыз етеді:
  - халықты жұмыс режимі туралы уақтылы ақпараттандыру;
  - кедергісіз және кідіріссіз алдын ала қабылдауға жазылу, оның ішінде автоматтандырылған режимде;
  - дәрігердің қабылдауына, дәрігерге дейінгі көмек кабинетіне, медициналық профилактика кабинетіне жазылу (емханаға тікелей келген кезде де, телефон бойынша да);
  - пациенттердің тұрғылықты жері бойынша дәрігерлерді үйге шақыруларды уақытылы қабылдау;
  6) үйге шақыртуларды уақтылы қамтамасыз етеді (шақыртқан күні);
  7) көрсетілімдерінің (жоғары температура, артериялық гипертензия немесе басқа да ауыр жағдайлар) болуына байланысты Пациент жүгінген кезде қажет болған жағдайда медициналық жедел жәрдем бригадасын шақыртып, шұғыл медициналық көмек көрсетеді;
  8) Пациенттерге тиісті жағдайлар жасайды (үй-жайды тақтайшалармен, сілтемелермен, мүмкіндігінше ішкі навигация жүйесімен, ауыз сумен жабдықтау, тазарту бөлмелерін барлық қажетті гигиеналық жаблдықтармен жабдықтау);
  9) стационарда Пациенттер үшін тиісті жағдайлар жасайды (лайықты күтім жасау және тамақтандыру, ауыз сумен, төсек-орын жабдықтарымен және ыдыс-аяқтармен қамтамасыз ету, тазарту бөлмелерін барлық қажетті гигиеналық жаблдықтармен жабдықтау, үй-жайды тақтайшалармен, сілтемелермен, мүмкіндігінше – ішкі навигация жүйесімен жабдықтау);
  10) плакаттар, стендтер түрінде пациенттің құқықтары туралы, сондай-ақ ұйымда көрсетіліуі мүмкін диагностикалық және емдік медициналық қызмет көрсетулер туралы ақпараттық материалдар ұсынады;
  11) Пациентке дәрі-дәрмектік терапияны уақтылы тағайындауды және № 786 бұйрыққа сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды алуға рецептер жазып беруді қамтамасыз етеді;
  12) пациентке алдында берілген дәрілік заттар біткенге дейін бірнеше күн бұрын уақтылы тегін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар алуға алдын ала рецептер береді;
  13) пациентті аурулардың профилактикасы және қауіп факторлары жөніндегі ақпараттық-білім беру материалдарымен қамтамасыз етеді;
  14) қажет болған жағдайда Пациентті диспансерлік есепке қояды және оның денсаулығы жағдайына динамикалық бақылау жүргізеді;
  15) Пациентті бейінді денсаулық мектептерінде және саламатты өмір салты кабинеттерінде оқытады;
  16) емдеуге жатқызуға көрсетілімдері болған кезде жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін көрсетіп стационарға емдеуге жатқызуға қолданысы мерзімі күнтізбелік 10 күннен аспауы тиіс немесе айғақтары бойынша шұғыл жолдама рәсімдейді;
  17) басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимылды және өз қызметіндегі сабақтастықты қамтамасыз етеді;
  18) Пациентке зерттеудің нәтижелерін, анықтаманы, еңбекке жарамсыздық парағын, ҚР заңнамасымен көзделген жағдайлар мен тәртіпте науқастың амбулаториялық (стационарлық) картасынан үзінді көшірме береді;
  19) өзінің мамандарының және (немесе) Денсаулық сақтау субьектісімен шарттық қарым-қатынастағы медициналық ұйымыдар қызметкерлерінің күшімен медициналық қызмет көрсету бойынша өзі қабылдаған міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етеді.
  15. Денсаулық сақтау субъектісі:
  1) Пациенттің денсаулығы жағдайына сәйкес емдеудің ұзақтығын, дәрілік заттар мен медиицналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдау режимін айқындайды;
  2) Пациенттің барлық тағайындалған диагностикалық рәсімдер мен сауықтыру іс-шараларынан өтуіне, сондай-ақ Пациенттің тағайындалған дәрілік препараттарды қабылдау режимін сақтауына мониторинг және бақылау жүргізеді;
  3) дәрігердің кеңесін, ұсынымдарын және тағайындауларын өрескел бұзған жағдайда науқасты ауруханадан шығарады (ұйғарылған режимді сақтамау, стационардан өз бетімен кету, алкогольден, есірткіден, уытты заттардан мас болу, медицина қызметкерлерімен және бөлмелес көршілермен жанжалдасу және төзуге болмайтын қылықтар көрсету және басқа);
  4) көрсетілімдері бойынша пациентті басқа медициналық ұйымға ауыстыруды (жіберуді) жүзеге асырады;
  5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен бөлек Пациенттің қаражаты, ұйымның, ерікті сақтандыру жүйесінің және басқа да тыйым салынбаған көздердің қаражаты есебінен қосымша медициналық қызмет көрсетеді.
  16. Пациент:
  1) дәрігерді немесе медициналық ұйымды таңдауға, ауыстыруға құқылы;
  2) емханаға келген сәттен бастап сапалы білікті консультациялық-диагностикалық көмекпен және стационарға түскен сәттен бастап білікті, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі;
  3) мыналар туралы ол үшін қолжетімді нысанда қолайлы қолда бар ақпаратты алады:
  - зерттеп-қарау нәтижелері туралы мәліметтерді қоса алғанда, өз денсаулығының жағдайы;
  - аурудың болуы, оның диагнозы және болжамы;
  - емдеу тәсілі, оған байланысты қаіптер;
  - медициналық араласулардың мүмкін болатын нұсқалары, олардың салдары;
  - жүргізілген емдеу нәтижелері;
  4) медициналық қызметтердің инвазивтік әдістеріне ақпараттандырылған жазбаша ерікті келісім береді;
  5) өзінің құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтер, ақылы қызметтердің бағасы туралы, және де оларды ұсыну тәртібі туралы ақпарат алады;
  6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс өз қаражатының, ұйымның, ерікті сақтандыру жүйесінің және басқа да тыйым салынбаған көздердің қаражаты есебінен қосымша медициналық қызметтер алады;
  7) диагностикалау, емдеу және күту, амбулаториялық (стационарлық) деңгейде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету процесінде өзінің мәдени және жеке құндылықтарына лайықты ілтипат пен құрметті пайдаланады;
  8) тағайындалған дәрілік зат туралы толық ақпарат алады;
  9) медициналық технологиялардың қолданыстағы деңгейінің мүмкіндігіне қарай бейнетін жеңілдетуге, консилиум өткізілуіне құқығы бар;
  10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес медицина қызметкерлерінің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы дұрыс тағайындамауына және қолданбауына байланысты денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы;
  11) қандай да болмасын кемсіту факторларының ықпалынсыз, тек қана медициналық критерийлердің негізінде анықталатын кезектілікпен медициналық көмек алады;
  12) медициналық қызмет көрсетушілердің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) және кәсіби мәртебесі туралы мәліметтер алады;
  13) жұмысқа шығарудың, басқа медициналық ұйымға ауыстырудың және басқа да бас тартқан жағдайлардың себебі түсіндіріледі;
  14) белгіленген тәртіпте жазбаша ресімдей отырып және медициналық құжаттамаға енгізіп, медициналық көмек алудан бас тарта алады;
  15) ауыруы кезеңінде еңбекке уақытша жарамсыздық фактісін растайтын құжаттарды алады (еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама);
  16) Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде тегін емделуге дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тегін рецептер бойынша алады;
  17) медициналық қызмет және (немесе) дәрілік қамтамасыз ету сапасыз көрсетілген жағдайда:
  - медициналық ұйымның Ішкі бақылау қызметіне (пациентке қолдау көрсету) жүгінеді;
  - көрсетілген медициналық қызметтерге тәуелсіз сараптама жүргізу үшін тәуелсіз (бейінді) сарапшыларды немесе тәуелсіз сараптама жүргізетін қоғамдық бірлестіктерді тартады;
  - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаментіне жүгінеді;
  - Денсаулық сақтау субъектісінде, жоғары тұрған органға және (немесе) заңды түрде медицина және фармацевтика қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
  18) мыналарды қоса алғанда өз денсаулығын сақтау және нығайту шараларын қабылдайды:
  - профилактикалық медициналық тексеріп-қараудан уақтылы және толық (скринингтік зерттеулерден) өту;
  - саламатты өмір салтын ұстану және ауыр салдарға (асқынуларға) әкеп соғатын ауруларды тудыратын немесе созылмалы ауруларды асқындыратын қауіпті факторлар болып табылатын зиянды әдеттерден бас тарту – артық дене салмағы, шылым, есірткі шегу, ішімдікті шектен тыс пайдалану, дене белсенділігінің төмендігі;
  - дәрігер ұсынған диетаны, дене жүктемесінің, күн және демалыс режимін, және қаралу кезділігін сақтау;
  - дәрілік заттарды қабылдау режимі мен оңалту іс-шаралары бойынша дәрігердің барлық қажетті талаптары мен ұғымдарын, оның ішінде қабылдау режимі мен уақытын мүлтіксіз орындау, емдеудің тиімділігін қамтамасыз ететін басқа да талаптар мен ұйғарымдарды орындау;
  19) медициналық қызмет көрсеткенге дейін дәрігерге диагноз қоюға және ауруды емдеуге қажет болатын басынан өткерген сырқаттары, өзіне мәлім аллергиялық реакциялар, бұрын жүргізілген емдеулер мен оның нәтижелері туралы ақпарат береді;
  20) медицина қызметкерінің тағайындауы бойынша аурудың профилактикасы бойынша бейінді денсаулық мектептерінде, саламатты өмір салты кабинеттерінде оқудан өтеді;
  21) медицина қызметкерлері туралы уақтылы ақпарат береді:
  - диагностикалау және емдеу үрдісінде өз денсаулығы жағдайының өзгеруі;
  - айналасындағыларға қауіп төндретін аурулардың туындауы, не болмаса олардың болуына күдіктенген жағдайларда;
  - қандай да бір дәрілік затқа төзбеушілік немесе аллергиялық реакцияларының болуы, ішімдікті шектен тыс пайдалану және/немесе есірткі препараттарына құмарлық, шылым шегу және өзге де мәліметтер туралы;
  - басқа дәрілік заттарды қабылдайтындығы туралы;
  - дәрілік заттардың үй жағдайында сақталатындығы және қабылдап жүрген дәрілердің жарамдылық мерзімі туралы уақтылы ақпарат береді;
  22) осы шарттың талаптарын бұлжытпай орындайды, Денсаулық сақтау субъектісі мамандарының тағайындаулары мен ұсынымдарын нақты орындайды және Пациенттің осы шартты орындауына кедергі келтіретін кез келген жағдайлар туралы Денсаулық сақтау субъектісіне уақтылы ақпарат береді;
  23) басқа пациенттердің құқықтарын бұзатын іс-қимыл жасамайды;
  24) медицина қызметкерлерімен қарым-қатынаста болғанда құрмет пен әдептілік көрсетеді;
  25) ішкі тәртіптеме қағидаларын сақтайды және медициналық ұйымның мүлкіне ұқыптылықпен қарайды, медициналық көмек алған кезде медицина персоналымен ынтымақтастықта болады;
  26) медициналық ұйымға келіп түскен/жүгінген кезде өзінің жеке басының куәлігін немесе оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді.

4. Құпиялылық

  17. Денсаулық сақтау субъектісі Пациенттің медициналық көмекке жүгіну фактісі туралы ақпаратты, оның денсаулығы жағдайы, ауруының диагнозы және оны зерттеп-қарау және емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтерді құпия (дәрігерлік құпия) сақтайды.
  18. Пациенттің немесе оның өкілінің жазбаша келісімімен дәрігерлік құпиядан тұратын мәліметтерді басқа адамдарға, оның ішінде Пациентті зерттеп-қарауға және емдеуге мүдделі лауазымдық адамдарға беруге рұқсат етіледі.
  19. Денсаулық сақтау субъектісі Пациенттің дербес деректерін жинау мен өңдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпиялылық қағидалары сақтала отырып жүзеге асырылатындығына кепілдік береді.
  20. Пациентті зерттеп-қарау және емдеу мақсатында жағдайына байланысты өзінің еркін білдіре алмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да жағдайларда Пациенттің немесе оның өкілінің келісімінсіз дәрігерлік құпия болып табылатын мәліметтерді беруге рұқсат етіледі.

5. Дауларды қарау

  20. Осы шарт бойынша даулар мен келіспеушіліктер тараптардың оларды сотқа дейін наразылық тәртібінде реттеу жөніндегі шаралар қабылдауы арқылы шешіледі. Екінші тарап жазбаша наразылыққа оны алғаннан кейін он жұмыс күнінің ішінде шешеді.
  21. Келісімге келе алмаған жағдайда тараптар арасындағы даулар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қаралатын болады.

6. Шарттың әрекет ету мерзімі мен оны тоқтату тәртібі

 22.Осы шарт:
  - Денсаулық сақтау субъектісі таратылған жағдайда;
  - Пациент қайтыс болған жағдайда;
  - тараптардың жазбаша нысандағы келісім бойынша (есептен/тізімнен шығару);
  - Денсаулық сақтау субьектісі медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын жоғалтқан жағдайда бұзылды деп есептеледі.

7. Өзге де талаптар

  23. Осы шартта көзделмеген мәселелер бойынша тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
  24. Осы шарт бірдей заң күші бар екі данада жасалды. Бір данасы Пациентте, екіншісі – Денсаулық сақтау субъектісінде болады.
  25. Тараптар мекенжайлары мен реквизиттері өзгергендігі туралы бір-бірін тездетіп хабарлауды міндеттенеді.

  Денсаулық сақтау субъектісі__________________  Пациент__________________________


ҚММУ МО, тәуліктік хирургиялық стационар, күндізгі стационар.

Госпитализация кезінде өзіңізбен бірге келесі құжаттар болуы керек:

1.  Госпитализацияға жолдама.

2.  Жеке куәлік құжаты

3.  Мугедектік туралы анықтама (бар болса)

4.  Жұмыспен қамту қызметімен берілген, жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою туралы анықтама қағазы (бар болса)

5.  Амбулаторлық науқастың медициналық картасы немесе медициналық картадан нақтыланған көшірме.

6.  Зертханалық-аспаптық зерттеу нәтижелері және мамандардың қорытындысы (госпитализация бойынша)

7.  Жеке бас гигиенасы заттары, ыңғайлы аяқ кім мен киім-кешек.

  1. Дәрігер- мамандардың қорытындысы (1 ай):

o  терапевт,

o  гинеколога (әйелдерге), уролог (еркектерге),

o  стоматолог (ауыз куысын санациялау туралы),

o  профильді мамандардың– толық карауы (қосалқы аурулары бар болған жағдайда).

2.  Зертханалық зерттеулер::

3.  жалпы қан талдауы тромбоциттерді санаумен (10 күн),

o  коагулограмма (фибриноген, АЧТВ, протромбинді уақыт, Д-димер, АТ-III, МНО - принимающим варфарин) (10 күн),

o  анализ крови биохимический (АЛАТ, АСАТ, билирубин, қант, жалпы белок, несепнәр, креатинин.СРБ АЦЦП, РФ-жүйелік аурумен ауратын адамдарға) (10 күн),

o  қан тобын талдау және резус-фактор,

o  В гепатиті (HbSAg) ж/еС гепатиті (HCV) маркерлеріне қанды талдау (3 ай.),

o  mRW-ға қанды талдау (10 күн),

o  ВИЧ-инфекциясына қанды талдау (3 ай.).

o  зәрді жалпы талдау (10 күн),

o  анализ кала на яйца глист (10 дней),

o  Аңқадан және мұрыннан алтын түсті стафилакокқа жағындылар (міндетті емес, бірақ операциядан кейінгі инфекциялық асқынулардың алдын алу мақсатында ұсынылады),

4.  Электрокардиограмма (ЭКГ) талдауымен және қорытындысымен (10 күн).

5.  Кеуде қуысының флюорографиялық тексеруі (6 ай.)

6.  Фиброгастродуоденоскопия (ФГДС) (30 күн).

7.  Брахиоцефалдық артериялардың ультрадыбыстықзерттеуі (УЗДГ) (көрсетілім бойынша)

8.  Тәуліктік ЭКГ мониторлау, журек эхокардиографиясы (65 жастан жоғары жастағы және жүрек-қантамыр ауруларымен ауыратын науқастарға жүректің УДЗ)

9.  МРТ, КТ суреттері (улдірде немесе дискіде)(көрсетілім бойынша)

Жедел және асқынған қосалқы аурулардың болмаған жағдайында ғанаГоспитализация мүмкін болады.

Оперативті емдеуге немесе госпитализацияға қарсы көрсетілімдер анықталған жағдайда гопитализация күні кейінге шегеріледі, немесе бас тартылады.

Қажетті зерттеу қорытындылары түгел болмаған жағдайда, оларды Медициналық орталықта науқастың өз қаражаты есебінен жүргізу талап етілуі мүмкін.

Зерттеулерді орталықта өз қаражаты есебінен өтуге ниетті болса, госпитализациядан бір күн бұрын Медициналық орталыққа келіп, қаладағы қонақ үйлердің бірінде тоқтау қажет.

Көрсетілген уақытта госпитализацяға клмеген жағдайда, стационарлық көмек көрсету талоны жабылады.

Қалай жетуге болады? Қарағанды қ. Сәкен Сейфуллин көш. 17 үй

КГМУ МО аялдамасына дейін келесі маршрутты автобустар жүреді 02, 7, 33-ші автобус

Егер сіз теміржол вокзалынан келе жатсаңыз: «Вокзал» аялдамасынан (100 м қашықтықта), «Поликлиника» аялдамасына дейін жету қажет – қалааралық автобустар № 165,127,121, 146. Автобустағы жолдың ұзақтығы 20-25 минут. Таксиде жолдың ұзақтығы 10 минут.

Госпитализацияға дайындық:

1. Госпитализациядан 3 күн бұрын диета сақтау керек (сорпа, пісірілген ет, балық, тауық еті, ірімшік, сүт) и ауыз-су тәртібі (тәулігіне 1,5 литрден кем емес суйықтық ішу).

2. Созылмалы іш қату болған жағдайда  2-3 күн бұрын іш жүргізетін дәрілер қабылдау керек (сенаде, дюфалак, бисакодил немесе т/б.).

3. Егер антикоагулянттар және дезагреганттар қабыласаңыз:

·  Операцияға дейін 7 күн бұрын - клопидогрел мен ацетилсалицил қышқылын қабылдауды тоқтату керек (аспиринді қабылдауды 100 мг/тәу мөлшерінде жалғастыруға болады)

·  Операцияға дейін 5 күн бұрын варфарин қабылдауды тоқтату керек,

·  Операцияға дейін 1 күн бұрын (осыған дейін қабылдаса) стероидтік емес қабынуға қарсы дәрілік заттарды қабылдауды тоқтату.

4. Анамнезінде асқазанның ойық жара ауруы болса госпитализацияға дейін 7-10 күн бұрын кешке тәулігіне 20 мг омепразол қабылдауды бастау керек (немесе оның аналогтарын).

5. Госпитализацияға дейін 1 айдан кешіктірмей прфилактикалық екпелерді жургізу.

6. Госпитализация қарсаңында ванна немесе душ қабылдау, аяқ пен қолдың тырнағын алу, тырнақтар болмаған болу керек. Госпитализация қарсаңында операционды аймақты қыруға тиым салынады.

Өтініштер: Стационарға түскен кезде өзінізбен біге қымбат заттар алмаңыз. Жоғалтқан жағдайда Медициналық орталықтың әкімшілігі жауапкершілік алмайды. Егер сіз госпитализация белгіленген күннен бұрын келсеңіз, Қарағанды қаласындағы қонақ үйлердің бірінде тұру мүмкіншілігін қарастыру керек болады.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын дұрыс рәсімдеу үшін тұрғылықты жұмыс орныңыздан мекеменің аталуын нақтылаңыз.

«МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУМАҒЫНДА ТЕМЕКІ ШЕГУГЕ ТИЫМ САЛЫНАДЫ!!!»

Барлық сурақтар бойынша жауапты келесі телефон номеріне қоңырау шалып: тел. (87212) 55-06-45, 55-06-41, сондай-ақ сайтарқылы біле аласызhttp:/info@kgmu.kz


Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР электрондық үкіметі
ҚР денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ Стратегиялық жоспары
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Болашақ бағдарламасы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуро аймақтық бюро
Magna Charta Universitatum
International Research Journal for Medical students
Өз қаражатынды басқаруды үйрен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы
The cochrane library
Маманның білім деңгейін тексеру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен басым бағдарламалар
Болашақ
Евразиялық интеграция
Жастармен ұлтық онлайн-консультациялар
Қаржы орталығы
Springer
Ұлттық клиникалық хаттамалар
Малайзия Ұлттық Университеті
Конференция күнтізбесі
ҚММУ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН КҮЗЕТІ, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Образовательный кредит
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
ЕНПФ зейнетақы қоры
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Өтініштердің үлгілері
Сауалнама
Студенттік кәсіпкерлік