Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
Басты бет
Мектептер
Халықаралық медицина факультетінің деканаты

Халықаралық медицина факультетінің деканаты

Халықаралық медицина факультетінің деканаты

Шетелдік студенттерді даярлау факультеті 2016 жылдың қыркүйек айында негізін қалады.

2017 ж. шетелдік студенттерді даярлау факультеті халықаралық медицина факультетіне атауын өзгертті.

Факультетінің алғашқы жетекшісі – МВА Досқожин Дулат Мұқажанұлы болды.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап халықаралық медицина факультетінің деканатын м.ғ.к., доцент Төлеубеков Қуатбек Қуанышбекович басқарып келеді.

Деканат 5В130100 «Жалпы медицина» бакалавриатының мамандығы бойынша шетелдік студенттерді оқытуды ұйымдастырады.

Бүгінгі таңда ҚММУ қабырғасында «Жалпы медицина» мамандығының 1 бастап 5 курстарында 1109 шетелдік студенттер ағылшын тілінде білім алып жатыр.

Халықаралық медицина факультетінің деканатының мақсаты – шетелдік азаматтардың білім алу сапасын қамтамасыз ету және тұрмыстық жағдайын жақсарту, университеттің белсенді өмірінде олардың белсене қатысуына атсалысу, емдеудің заманауи қағидаттарын, денсаулық сақтаудағы негіздерді меңгерген жоғары білікті кадрларды даярлау жолымен бакалавриат оқыту бағдарламасын жүзеге асыру.

Деканат қызметінің жалпы білім беретін бағытына 5В130100 «Жалпы медицина» мамандығының бакалавриат оқыту бағдарламасы бойынша шетелдік азаматтарды оқыту жұмысын ұйымдастыру кіреді. Шетелдік білім алушылармен оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу. Университетке шетелдік талапкерлердің келіп түсу және оқу  мәселелерінде кеңес беру. Шетелдік білім алушылар үшін академиялық анықтамаларды және оқу сипатындағы басқа да құжаттарды даярлау. Шетелдік азаматтар үшін қазақ, орыс тілдері курстарын үйлестіру. ПОҚ пен шетелдік студенттердің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

Ғылыми-зерттеу бағытына материалдық-техникалық және ресурстық база, кадрлық қарымға шетелдік студенттерді оқыту үшін оқыту бағдарламаларын жүзеге асыру талаптары мен критерилерін әзірлеу және бекіту жатады. Шетелдік студенттерді ғылыми үйірмелерге қатысуға тарту. Шетелдік студенттерге ғылыми жарияланымдар жазуға көмек көрсету.

Клиникалық бағытта ПОҚ шетелдік студенттердің клиникалық практикалық дағдыларын жетілдіру және меңгерту мақсатында ПДО оқытудан өткізеді. Шетелдік студенттердің жаңа орынға бейімдеу мақсатында шетелдік көшпенді кәсіби практика өту үшін жағдайлар жасалады. 

Деканаттың тәрбие жұмысына шетелдік студенттердің орналасуында қажетті жағдайлар жасау болып табылады. Атап айтқанда, шетелдік студенттердің ҚР орналасу мәселелері бойынша миграциялық полициямен өзара қарым-қатынас; шығу визаларын рәсімдеу, Қарағанды облысының ІІД МҚБ шетелдік студенттеріне арналған визаларының уақытын ұзарту; Қарағанды қ. оқу және тұру процесіне үйрену үшін шетелдік білім алушыларға көмек көрсету; шетелдік білім алушылардың ата-аналарымен байланыста болу;

Сонымен қатар, шетелдік студенттердің тұрмысын жақсарту үшін жағдайлар жасау. Атап айтқанда, ҚММУ жатақханаларында шетелдік студенттердің тұруы үшін тиісті жағдайларды құру және қамтамасыз ету (жатақханаларда шетелдік студенттердің тұруын бақылау және даулы жағдайларды реттеу, жатақханаға орналастыру); барлық шетелдік студенттердің жатақханаларда орындар беріледі; ұлттық мерекелермен байланысты шараларды ұйымдастыру (Дивали, Холли); спортық шараларды ұйымдастыру және өткізу (крикет); шетелдік студенттермен мәдени-сауаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу (мұражайларға, көрмелерге бару, Астана қ. туристтік бару).

Деканат құрылымы:

Толеубеков Куатбек Куанышбекович – Халықаралық медицина факультетінің деканы.

E-mail: Toleubekov@kgmu.kz Байланыс телефоны: 50 39 30 (1204)

Койшибаев Жандос Муратович – Академиялык және ғылыми жұмыстар жөніндегі деканның орынбасары.

E-mail: KoyshibaevZ@kgmu.kz  Байланыс телефоны: 50 39 30 (1270)

Кумар Динеш – Әлеуметтік жұмыс бойынша маман.

E-mail: Kumar@kgmu.kz  Байланыс телефоны: 50 39 30 (1465)

Мыңбай Меруерт Молдахметқызы – Маман.

E-mail: myngbaym@kgmu.kz Байланыс телефоны: 50 39 30 (1671)


Қазақстан 2050 Стратегиясы
ҚР электрондық үкіметі
ҚР денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДСМ Стратегиялық жоспары
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Болашақ бағдарламасы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы Еуро аймақтық бюро
Magna Charta Universitatum
International Research Journal for Medical students
Өз қаражатынды басқаруды үйрен
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 11 қараша.
Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы
The cochrane library
Маманның білім деңгейін тексеру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен басым бағдарламалар
Болашақ
Евразиялық интеграция
Жастармен ұлтық онлайн-консультациялар
Қаржы орталығы
Springer
Ұлттық клиникалық хаттамалар
Малайзия Ұлттық Университеті
Конференция күнтізбесі
ҚММУ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН КҮЗЕТІ, ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша
Образовательный кредит
ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
ЕНПФ зейнетақы қоры
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
Өтініштердің үлгілері
Сауалнама
Студенттік кәсіпкерлік